Желі арқылы драйверді орнату

[Note]
  • Модельге немесе елге байланысты кейбір мүмкіндіктер және қосымшалар қол жетімді болмауы мүмкін (Үлгілер бойынша мүмкіндіктер бөлімін қараңыз).

  • Желілік интерфейсті қолдамайтын құрылғыда бұл мүмкіндікті пайдалану мүмкін болмайды (Артқы көрінісі бөлімін қараңыз).

  • Принтер драйверін диск жетегіне бағдарламалық жасақтама ықшам дискісін салғанда орнатуға болады. Windows үшін, Выбор программ и утилит для установки терезесінде принтер драйверін және бағдарламалық жасақтаманы таңдаңыз.

Windows

  1. Құрылғының желіге қосылғанын және қуат көзіне қосылғанына көз жеткізіңіз. Сонымен бірге, машинаның IP мекенжайын орнату керек (IP мекенжайды орнату бөлімін қараңыз).

  2. Қос берілген бағдарламалық жасақтама ықшам дискісін CD-ROM дискжетекке енгізіңіз.

  3. Лицензионное соглашение на использование программного обеспечения және Использование расширенных возможностей и участие в программе сбора данных об использовании принтера (қосымша) тармақтарын оқып, белгілеңіз. Содан кейін Далее түймесін басыңыз.

  4. Сетевое подключение терезесінде Подключение к сети пәрменін таңдаңыз.

  5. Егер Подключение устройства терезесі орын алса, құрылғының желіге қосылғанын тексеріңіз. Содан кейін Далее түймесін басыңыз.

    [Note]

    Брандмауэр бағдарламалық жасақтамасы желі қосылымын бұғаттауы мүмкін. Құрылғыны желіге қосудың алдында, компьютердің брандмауэрін өшіріңіз.

  6. Іздеген құрылғылар экранға шығады. Пайдалану қажет құрылғыны таңдап, OK түймесін басыңыз.

  7. Орнату терезесіндегі нұсқауларды орындаңыз.

Тыныш орнату режимі

Тыныш орнату режимі – ешбір пайдаланушы араласуын қажет етпейтін орнату әдісі. Орнатуды бастағанда, құрылғы драйвері мен бағдарламалық құрал компьютерге автоматты түрде орнатылады. Тыныш орнатуды пәрмен терезесінде /s немесе /S енгізіп бастауға болады.

Пәрмен жолының параметрлері

Келесі кестеде пәрмен терезесінде пайдалануға болатын пәрмендер көрсетілген.

[Note]

Келесі пәрмен жолы пәрмен /s немесе /S. таңбаларымен бірге пайдаланғанда тиімді және іске қосылады. Бірақ /h, /H or /? тек басқаруға болатын ерекше пәрмендер.

Пәрмен жолы

Анықтама

Сипаттама

/s немесе /S

Тыныш орнатуды бастайды.

Ешбір пайдаланушылық интерфейсті немесе пайдаланушы араласуын шақырмай құрылғы драйверлерін орнатады.

/p”<port name>” немесе /P”<port name>”

Принтер портын көрсетеді.

[Note]

Желілік порт стандартты TCP/IP порт мониторын пайдалана отырып жасалады. Жергілікті порт үшін бұл порт жүйеде пәрмен арқылы көрсетуден бұрын болуы керек.

Принтер портының атауын IP мекенжай, түйін атауы, USB жергілікті порт атауы немесе IEEE1284 порт атауы ретінде көрсетуге болады.

Мысалы:

  • /p”xxx.xxx.xxx.xxx” мұндағы “xxx.xxx.xxx.xxx” желілік принтердің IP мекенжайын білдіреді. /p”USB001”, /P”LPT1:”, /p”hostname”

/a”<dest_path>” немесе /A”<dest_path>”

Орнату үшін мақсатты жолды көрсетеді.

[Note]

Мақсатты жол толығымен жарамды жол болуы керек.

Құрылғы драйверлерін тек амалдық жүйеге сай орынға орнату керек болғандықтан, бұл пәрмен тек қолданбалы бағдарламалық құралға қолданылады.

/n”<Printer name>” немесе /N”<Printer name>”

Принтер атауын көрсетеді. Принтер данасын көрсетілген принтер атауы ретінде жасау керек.

Бұл параметр көмегімен қалағаныңызша принтер даналарын қоса аласыз.

/nd немесе /ND

Орнатылған драйверді әдепкі құрылғы драйвері етіп орнатпауға пәрмен береді.

Бұл орнатылған құрылғы драйвері бір немесе одан көп принтер драйверлері орнатылған болса, орнатылған құрылғы драйвері жүйедегі әдепкі құрылғы драйвері болмайтынын көрсетеді. Жүйеде құрылғы драйвері орнатылмаған болса, онда бұл параметр қолданылмайды, өйткені Windows амалдық жүйесі орнатылған принтер драйверін әдепкі құрылғы драйвері ретінде орнатады.

/x немесе /X

Әлдеқашан орнатылған болса, принтер данасын жасау үшін бар құрылғы драйверінің файлдарын пайдаланады.

Бұл пәрмен қосымша драйверді орнатусыз орнатыдған принтер драйверінің файлдарын пайдаланатын принтер данасын орнату жолын қамтамасыз етеді.

/up”<printer name>” немесе /UP”<printer name>”

Драйвер файлдарын емес, ал тек көрсетілген принтер данасын жояды.

Бұл пәрмен басқа принтер драйверлеріне әсер етпестен, жүйеден тек көрсетілген принтер данасын жою жолын береді. Ол жүйеден принтер драйверінің файлдарын жоймайды.

/d немесе /D

Жүйеден бүкіл құрылғы драйверлерін және бағдарламаларды жояды.

Бұл пәрмен жүйеден барлық орнатылған құрылғыі драйверлерін және қолданбалы бағдарламалық жасақтаманы жояды.

/v”<ортақ атау>” немесе /V”<ортақ атау>”

Орнатылған құрылғыны ортақ пайдаланады және Point & Print үшін үшін басқа қол жетімді платформа драйверлерін қосады.

Ол жүйеге барлық қолдау көрсетілетін Windows платформасының құрылғы драйверлерін орнатады және оны көрсетілген point and print <ортақ атаумен> ортақ пайдаланады.

/o немесе /O

Орнатудан кейін Принтеры и факсы қалтасын ашады.

Бұл пәрмен тыныш орнатудан кейін Принтеры и факсы қалтасын ашады.

/h, /H немесе /?

Пәрмен жолын пайдалануды көрсетеді.

Mac

  1. Құрылғының желіге және қуат көзіне қосылғанына көз жеткізіңіз.

  2. Қос берілген бағдарламалық жасақтама ықшам дискісін CD-ROM дискжетекке енгізіңіз.

  3. Mac жұмыс үстелінде шығатын CD-ROM белгішесін екі рет басыңыз.

  4. MAC_Installer қалтасы > Installer OS X белгішесін екі рет нұқыңыз.

  5. Continue түймесін басыңыз.

  6. Лицензиялық келісім-шартты оқыңыз және Continue түймесін басыңыз.

  7. Лицензиялық келісім-шартпен келісі үшін Agree түймесін басыңыз.

  8. Барлық бағдарламалар компьютеріңізде жабылатыны туралы хабар шыққан кезде Continue түймесін басыңыз.

  9. User Options Pane тармағындағы Continue пәрменін таңдаңыз.

    [Note]

    IP мекенжайды әлі орнатпаған болсаңыз, «Set IP address» (IP мекенжайды орнату) пәрменін таңдап, SetIP бағдарламасын пайдаланып, IPv4 протоколды теңшеу (Mac) бөлімін қараңыз. Сымсыз желі параметрін орнатқыңыз келсе, Mac жүйесін пайдаланып орнату бөлімін қараңыз.

  10. Install түймесін басыңыз. Құрылғы жұмысына қажетті барлық құрылғылар орнатылады.

    Егер Customize пәрменін таңдасаңыз, орнату үшін жеке құрамдастарды таңдай аласыз.

  11. Құпиясөзді енгізіңіз және OK түймесін басыңыз.

  12. Бағдарламалық жасақтаманы орнату компьютерді қайта қосуды қажет етеді. Continue Installation пәрменін таңдаңыз.

  13. Орнату аяқталғанда Quit немесе Restart параметрін таңдаңыз.

  14. Applications қалтасын > Utilities > Print Setup Utility тармағын ашыңыз.

    • Mac OS X 10.5-10.8 жүйесінде Applications қалтасы > System Preferences тармағын ашып, Print & Fax пәрменін таңдаңыз.

  15. Add түймесін Printer List тізімінен басыңыз.

    • Mac OS X 10.5-10.8 жүйесінде «+» белгішесін нұқыңыз. Дисплей терезесі шығады.

  16. Mac OS X 10.4 үшін IP Printer тармағын таңдаңыз.

    • Mac OS X 10.5-10.8 жүйесінде «IP» пәрменін таңдаңыз.

  17. Protocol ішінде HP Jetdirect - Socket тармағын таңдаңыз.

    [Note]

    Көп беті бар құжатты басып шығарған кезде басып шығарудың өнімділігін Printer Type опциясына арналған Socket тармағын таңдау арқылы жақсартуға болады.

  18. Address енгізу өрісіне құрылғының IP мекенжайын енгізіңіз.

  19. Queue енгізу өрісіне кезектің атауын енгізіңіз. Құрылғы сервері үшін кезектің атауын анықтай алмасаңыз алдымен әдепкі кезекті пайдаланып көріңіз.

  20. Mac OS X 10.4 құрылғысы үшін Автотаңдау мүмкіндігі дұрыс жұмыс істемесе, Samsung тармағын Print Using бөлімінен және құрылғы атауын Model тармағынан таңдаңыз.

    • Mac OS X 10.5-10.8 жүйесінде Автотаңдау мүмкіндігі дұрыс жұмыс істемесе, Select Printer Software пәрменін және Print Using ішінде машинаның атауын таңдаңыз.

  21. Add түймесін басыңыз.

    Машина Printer List ішінде шығады және әдепкі машина ретінде орнатылады.

[Note]

Факс драйверін орнату үшін:

  1. Бағдарламалар қалтасын > Samsung > Факс ретін жасаушысы тармағын ашыңыз.

  2. Құрылғыңыз Printer List көрсетіледі.

  3. Пайдаланатын құрылғыны таңдап, Create түймесін басыңыз.

Linux

Принтердің бағдарламасын орнату үшін Samsung веб-торабынан Linux бағдарламаларының бумаларын қотару керек (http://www.samsung.com > өнімді табу > Қолдау немесе Қотарулар).

Linux драйверін орнату және желілік принтерді қосу

  1. Құрылғының желіге және қуат көзіне қосылғанына көз жеткізіңіз. Сонымен қатар құрылғының IP мекенжайы орнатылуы керек.

  2. Samsung веб-торабына Unified Linux Driver (Ортақ Linux драйвері) бумасын жүктеп алыңыз.

  3. UnifiedLinuxDriver.tar.gz файлын шығарып алыңыз және жаңа каталогты ашыңыз.

  4. cdroot > autorun тармағын екі рет басыңыз.

  5. Samsung орнатушы терезесі ашылады. Next түймесін басыңыз.

  6. Принтерді қосу шеберінің терезесі ашылады. Next түймесін басыңыз.

  7. Желілік принтерді таңдаңыз және Search түймесін басыңыз.

  8. Машинаның IP мекенжайы және модель атауы тізім өрісінде шығады.

  9. Құрылғыны таңдап Next түймесін басыңыз.

  10. Принтердің сипаттамасын енгізіп, Next түймесін басыңыз.

  11. Машинаны қосқаннан кейін Finish түймесін басыңыз.

  12. Орнату аяқталғанда Finish түймесін басыңыз.

Желілік принтерді қосу

  1. Unified Driver Configurator екі рет басыңыз.

  2. Add Printer. пәрменін таңдаңыз.

  3. Add printer wizard терезесі ашылады. Next түймесін басыңыз.

  4. Network printer түймесін және Search түймесін басыңыз.

  5. Тізім өрісінде принтердің IP мекенжайы мен моделі шығады.

  6. Құрылғыны таңдап Next түймесін басыңыз.

  7. Принтердің сипаттамасын енгізіп, Next түймесін басыңыз.

  8. Машинаны қосқаннан кейін Finish түймесін басыңыз.