Факс мәселелері

Күйі

Ұсынылатын шешімдер

Құрылғы жұмыс істемейді, экран сөніп тұр немесе түймелер жұмыс істемейді.

  • Қуат кабелін ағытып, оны қайта қосыңыз.

  • Розеткада ток бар екендігіне көз жеткізіңіз.

  • Қуаттың қосулы екенін тексеріңіз.

Теру үні естілмейді.

  • Телефон кабелі тиісті түрде қосылғанын тексеріңіз (Артқы көрінісі бөлімін қараңыз).

  • Басқа телефонды жалғау арқылы телефон розеткасы жұмыс істейтінін тексеріңіз.

Жадта сақталған нөмірлер тұрыс терілмейді.

Нөмірлер жадта дұрыс сақталғанына көз жеткізіңіз. Мұны тексеру үшін мекенжай кітапшаларының тізімін басып шығарыңыз.

Түпнұсқалы құжат құрылғыға берілмейді.

  • Қағаз қыртиыспағанына және дұрыс салынып жатқанына көз жеткізіңіз. Түпнұсқалы құжаттың өлшемі тиісті екенін, тым қалың немесе жұқа емес екенін тексеріңіз.

  • Құжат бергіш мықты жабылғанына көз жеткізіңіз.

  • Құжат бергіштің резеңке жастықшасын ауыстыру қажет болуы мүмкін. Қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз (Алуға болатын қосалқы бөлшектер бөлімін қараңыз).

Факстар автоматты түрде алынбайды.

Құрылғы жібермейді.

  • Түпнұсқалы құжат құжат бергішке немесе сканер шынысына салынғанына көз жеткізіңіз.

  • Факс жіберіп жатқан факс құрылғысын тексеріп, ол факс қабылдай алатынын көріңіз.

Кіріс факста бос орындар бар немесе оның сапасы төмен.

  • Факсты жіберген факс құрылғысы ақаулы болуы мүмкін.

  • Телефон желісіндегі шуылдар желі қателерін туғызуы мүмкін.

  • Көшірме жасау арқылы құрылғыңызды тексеріңіз.

  • Тонер картриджі өзінің есептелген қызмет көрсету мерзіміне жетейін деп қалды. Тонер картриджін ауыстырыңыз (Тонер картриджін ауыстыру бөлімін қараңыз).

Кіріс факсындағы кейбір сөздер созылған.

Факсты жіберген факс құрылғысында уақытша құжат кептелуі болды.

Сіз жіберген түпнұсқалы құжатта сызықтар бар.

Сканерлеу құрылғысында дақтардың болуын тексеріп, оны тазалаңыз (Сканерді тазалау бөлімін қараңыз).

Құрылғы нөмірді тереді, бірақ басқа факс құрылғысымен байланыс орнатылмайды.

Басқа факс құрылғысы өшірілген болуы мүмкін немесе ол кіріс қоңырауларға жауап бере алмайды. Басқа құрылғы операторымен сөйлесіңіз және одан мәселені өз жағында шешуді сұраңыз.

Факстар жадта сақталмайды.

Факсты сақтау үшін жадта жеткілікті орын болмауы мүмкін. Жад күйін білдіретін экран көрсетілсе, қажет болмаған факстарды жадтан жойып, факсты сақтау әрекетін қайталаңыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Әрбір немесе екі беттің бірінің төменгі жағында, үстіңгі жағында кіші мәтін жолағы бар, бос аумақтар пайда болады.

Пайдаланушы параметрлерінде дұрыс емес қағаз параметрлерін таңдаған болуыңыз мүмкін. Қайтадан қағаз өлшемін және түрін тексеріңіз.