Бейнелеу құрылғысын алмастыру

Бейнелеу құрылғысының қызмет мерзімі аяқталғанда, компьютерде оның салынуы қажеттігін білдіретін Состояние печати бағдарламасының терезесі пайда болады. Кері жағдайда құрылғыңыз басып шығаруды доғарады.

[Caution]
  • Бейнелеу құрылғысының орамасын ашу үшін пышақ немесе қайшы сияқты өткір заттарды қолданбаңыз. Бейнелеу құрылғысының бетін зақымдауыңыз мүмкін.

  • Бейнелеу құрылғысының бетіне сызат түспеуін қадағалаңыз.

  • Зақым келтірмеу үшін бейленеу құрылғысына бірнеше минуттан артық уақытқа жарық түсірмеңіз. Қажет болса, оны қағазбен жабыңыз.

  • Алдыңғы жабынды жабудың алдында барлық тонер картридждері тиісінше орнатылуына көз жеткізіңіз.