Негізгі көшіру

[Note]

Арнайы басып шығару мүмкіндіктерін Кеңейтілген нұсқаулық қараңыз (Көшіру бөлімін қараңыз).

Осн. копия

  1. CLX-330x Series/CLX-330xW Series: Scan to түймешігінің диоды өшірулі екендігіне көз жеткізіңіз.

    CLX-330xFN Series/CLX-330xFW Series: Басқару тақтасында (Копир-ние) белгішесін таңдаңыз.

  2. Бір құжатты төмен қаратып құжат әйнегіне қойыңыз немесе құжаттарды жоғары қаратып құжат бергішке жүктеңіз (Түпнұсқаларды салу бөлімін қараңыз).

  3. Көшіру параметрлерін, соның ішінде Масштабировать, Плотность, Контрастность, Тип оригинала және т.б. басқару тақтасының түймелерін пайдалана отырып теңшеуге болады (Әрбір көшірме үшін параметрлерді өзгерту бөлімін қараңыз).

  4. Керек болған жағдайда, көрсеткіні немесе сандық пернетақтаны пайдаланып көшірмелер санын енгізіңіз.

  5. (Start) түймесін басыңыз.

[Note]

Егер әрекет барысында көшіру тапсырмасынан бас тартқыңыз келсе, (Stop/Clear) түймесін басыңыз, сонда көшіру тоқтатылады.

Әрбір көшірме үшін параметрлерді өзгерту

Жылдам әрі оңай көшірмелер жасау үшін құрылғы әдепкі көшіру параметрлерімен қамтамасыз етеді.

[Note]
  • Көшіру параметрлерін орнатып жатқанда (Stop/Clear) түймесін екі рет бассаңыз, ағымдағы көшірме тапсырмасы үшін орнатқан барлық параметрлерден бас тартылып, әдепкі күйіне қайтарылады. Немесе құрылғы орындалу үстіндегі көшіруді аяқтағанда олар әдепкі күйіне оралады.

  • Мәзірлерге қол жеткізу модельден модельге әр түрлі болуы мүмкін (Мәзірге қатынасу бөлімін қараңыз).

  • Кейбір модельдерде төменірек деңгейдегі мәзірлерге өту үшін OK түймесін басу қажет болуы мүмкін.

Яркость

Егер көмескі түсті белгілер мен қою түсті суреттері бар түпнұсқа болса, оқуға оңай көшірме жасау үшін ашықтықты баптауға болады.

  1. CLX-330x Series/CLX-330xW Series: Scan to түймешігінің диоды өшірулі екендігіне көз жеткізіңіз.

    CLX-330xFN Series/CLX-330xFW Series: Басқару тақтасында (Копир-ние) белгішесін таңдаңыз.

  2. Басқару тақтасында (Menu) > Копирование > Плотность тармағын таңдаңыз.

  3. Қажетті параметрді таңдап, OK түймесін басыңыз.

    Мысалы, Светлое+5 ең ашығы, ал Темное+5 ең күңгірті.

  4. Дайын режимге қайту үшін (Stop/Clear) түймесін басыңыз.

Яркость

Плотность мәзірі суреттің ашық және күңгірт аймақтарының арасындағы айырмашылықты арттыруға немесе азайтуға мүмкіндік береді.

  1. CLX-330x Series/CLX-330xW Series: Scan to түймешігінің диоды өшірулі екендігіне көз жеткізіңіз.

    CLX-330xFN Series/CLX-330xFW Series: Басқару тақтасында (Копир-ние) белгішесін таңдаңыз.

  2. Басқару тақтасында (Menu) > Копирование > Плотность тармағын таңдаңыз.

  3. Қажетті параметрді таңдап, OK түймесін басыңыз.

  4. Дайын режимге қайту үшін (Stop/Clear) түймесін басыңыз.

Түпнұсқа

Түпнұсқа параметрі ағымдағы көшіру тапсырмасы үшін құжатты таңдау арқылы көшіру сапасын жақсарту үшін пайдаланылады.

  1. CLX-330x Series/CLX-330xW Series: Scan to түймешігінің диоды өшірулі екендігіне көз жеткізіңіз.

    CLX-330xFN Series/CLX-330xFW Series: Басқару тақтасында (Копир-ние) белгішесін таңдаңыз.

  2. Басқару тақтасында (Menu) > Копирование > Тип оригинала тармағын таңдаңыз.

  3. Қажетті параметрді таңдап, OK түймесін басыңыз.

    • Текст: Негізінен мәтіннен тұратын түпнұсқалар үшін пайдаланыңыз.

    • Текст/фото: Мәтіні мен фотосуреттері бар аралас мазмұнды түпнұсқалар үшін пайдаланыңыз.

      [Note]

      Басып шығарылған мәтіндер бұлдыр болса, анық мәтіндерді алу үшін Текст параметрін таңдаңыз.

    • Фото: Түпнұсқалар фотосуреттер болған кезде пайдаланыңыз.

    • Журнал: Түпнұсқалар журналдар болған кезде пайдаланыңыз.

  4. Дайын режимге қайту үшін (Stop/Clear) түймесін басыңыз.

Кішірейтілген немесе үлкейтілген көшірме

Көшірілетін кескіннің өлшемін құжат бергіштен немесе сканер әйнегінен 25% - 400% аралығында кішірейтуге немесе үлкейтуге болады.

[Note]
  • Модельге немесе қосымшаларға байланысты бұл мүмкіндік қол жетімді болмауы мүмкін (Әр түрлі мүмкіндіктер бөлімін қараңыз).

  • Егер машина үнемдеу режимінде болса, кішірейту және үлкейту мүмкіндіктері қол жетімді болмайды.

Алдын ала орнатылған көшірме өлшемдерін таңдау үшін
  1. CLX-330x Series/CLX-330xW Series: Scan to түймешігінің диоды өшірулі екендігіне көз жеткізіңіз.

    CLX-330xFN Series/CLX-330xFW Series: Басқару тақтасында (Копир-ние) белгішесін таңдаңыз.

  2. Басқару тақтасында (Menu) > Копирование > Масштабировать тармағын таңдаңыз.

  3. Қажетті параметрді таңдап, OK түймесін басыңыз.

  4. Дайын режимге қайту үшін (Stop/Clear) түймесін басыңыз.

Көшірмені масштаб өлшемдерін тікелей енгізу арқылы масштабтау үшін
  1. CLX-330x Series/CLX-330xW Series: Scan to түймешігінің диоды өшірулі екендігіне көз жеткізіңіз.

    CLX-330xFN Series/CLX-330xFW Series: Басқару тақтасында (Копир-ние) белгішесін таңдаңыз.

  2. Басқару тақтасында (Menu) > Копирование > Масштабировать > Нестандартный тармағын таңдаңыз.

  3. Сандық пернетақтаны пайдаланып қажет көшірме өлшемін енгізіңіз.

  4. Таңдалған параметрді сақтау үшін OK түймесін басыңыз.

  5. Дайын режимге қайту үшін (Stop/Clear) түймесін басыңыз.

[Note]

Көшірме өлшемін қысқартқан кезде, көшірменің төменгі бөлігінде қара сызықтар пайда болуы мүмкін.

Жеке бас куәлігінің көшірмесін жасау

Құрылғы бір параққа қос бетті түпнұсқаларды басып шығара алады.

Құрылғы түпнұсқаның өлшемін азайтпай, түпнұсқаның бір бетін қағаздың жоғары бетіне басып шығарады, екінші бетін төменгі бетіне басып шығарады. Бұл мүмкіндік іскери карта сияқты кіші көлемді нәрселерді көшіруге тиімді.

[Note]
  • Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін түпнұсқа сканер шынысына орналастырылуы тиіс.

  • Егер машина үнемдеу режиміне орнатылса, бұл функция қол жетімсіз болады.

Модельге байланысты іс рәсімі басқа болуы мүмкін.

  1. Басқару тақтасындағы ID Copy түймесін басыңыз.

  2. Түпнұсқаның алдыңғы бетін көрсеткен сканер шынысына төмен қаратып орналастырыңыз. Одан кейін сканер қақпағын жабыңыз.

  3. Дисплейде Помест. лиц стор и нажмите [Пуск] хабары көрсетіледі.

  4. (Start) түймесін басыңыз.

    Құрылғы алдыңғы бетті сканерлеуді бастап, Помест. обр.стор и нажмите [Пуск] хабарын көрсетеді.

  5. Түпнұсқаны аударып, сканер шынысына көрсеткілер төмендегідей нұсқайтын жерге орналастырыңыз. Одан кейін сканер қақпағын жабыңыз.

  6. (Start) түймесін басыңыз.

[Note]
  • (Start) түймесін баспасаңыз, тек алдыңғы жағы көшіріледі.

  • Егер түпнұсқа басып шығарылатын аумақтан үлкенірек болса, кейбір бөліктер басылып шықпауы мүмкін.