Амалдық жүйе мәселелері

Жалпы Windows мәселелері

Күйі

Ұсынылатын шешімдер

Орнату кезінде «Файл пайдаланылуда» хабары шығады.

Барлық бағдарламалардан шығыңыз. Автоқосылу тобынан барлық бағдарламаларды жойыңыз, содан кейін Windows жүйесін қайта іске қосыңыз. БАсып шығарғыш драйверін қайта орнатыңыз.

«General Protection Fault», «Exception OE», «Spool 32» немесе «Illegal Operation» хабары шығады.

Барлық бағдарламаларды жабыңыз, Windows жүйесін қайта іске қосыңыз және басып шығару әрекетін қайталаңыз.

«Fail To Print», «A printer timeout error occurred» хабары шықты.

Бұл хабарлар басып шығару кезінде шығады. Жай құрылғы басып шығаруды аяқтағанша күтіңіз. Егер хабар дайын режимінде немесе басып шығару аяқталғаннан кейін шықса, қосылымды және/немесе қате орын алғанын тексеріңіз.

[Note]

Windows жүйесінің қате туралы хабарлы бойынша қосымша ақпарат алу үшін компьютермен бірге келген Microsoft Windows пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

Негізгі Mac ақаулықтары

Күйі

Ұсынылатын шешімдер

Құрылғы PDF файлдарды дұрыс басып шығармайды. Сызбалықтардың, мәтіннің немесе суреттердің кейбір бөліктері жоқ.

PDF файлды сурет ретінде басып шығару файлды басып шығаруға мүмкіндік беруі мүмкін. Acrobat басып шығару параметрлерінде Сурет ретінде басып шығару параметрін қосыңыз.

[Note]

PDF файлды сурет ретінде басып шығару көбірек уақыт алады.

Мұқаба бетін басып шығару кезінде кейбір әріптер әдеттегідей көрсетілмеуі мүмкін.

Mac жүйесі мұқаба бетін басып шығарып жатқанда қаріпті жасай алмайды. Ағылшын тілінің алфавиті мен сандары мұқабаны басып шығарғанда дұрыс көрсетіледі.

Mac компьютерінде Acrobat Reader 6.0 немесе одан жоғары нұсқасында құжатты басып шығарғанда түстер дұрыс емес басып шығарылады.

Құрылғыдағы ажыратымдылық параметрі Acrobat Reader бағдарламасындағы параметрге сай екенін тексеріңіз.

[Note]

Mac компьютеріндегі қате туралы хабарлар туралы қосымша ақпарат алу үшін компьютермен бірге келген Mac пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

Жалпы Linux мәселелері

Күйі

Ұсынылатын шешімдер

Құрылғы басып шығармайды.

  • Жүйеде принтер драйверінің орнатылғанын тексеріңіз. Бар машиналардың тізімін көру үшін Unified Driver Configurator бағдарламасын ашып, Printers configuration терезесінде Printers қойыншасына өтіңіз. Тізімде осы құрылғы көрсетілгенін тексеріңіз. Көрсетілмесе, құрылғыны орнату үшін Add new printer wizard шеберін ашыңыз.

  • Құрылғының қосылғанын тексеріңіз. Printers configuration терезесін ашып, принтерлер тізімінде машинаны таңдаңыз. Selected printer аумағында сипаттаманы қараңыз. Егер оның күйінде Stopped болса, Start түймесін басыңыз. Машинаның қалыпты жұмысын қалпына келтіру керек. «Тоқтатылған» күйін басып шығаруда кейбір мәселелер орын алғанда белсендіруге болады.

  • Машинада «-oraw» сияқты арнайы басып шығару параметрлері бар екенін тексеріңіз. Егер пәрмен жолы параметрінде «-oraw» көрсетілген болса, дұрыс басып шығару үшін оны жойыңыз. Gimp бағдарламасы үшін «print» -> «Setup printer» тармағын таңдап, пәрмен элементінде пәрмен жолы параметрін өзгертіңіз.

Кейбір түрлі-түсті суреттер толығымен қара болып шығады.

Бұл - Ghostscript (GNU Ghostscript 7.05 нұсқасына дейінгі) белгілі қатесі, яғни құжаттың фондық түсінің кеңістігі индекстелген түс кеңістігі болып табылады және ол CIE түс кеңістігі арқылы түрленеді. Postscript түс сәйкестігінің жүйесі үшін CIE түс кеңістігін пайдаланатындықтан, жүйеңіздегі Ghostscript қолданбасын кемінде GNU Ghostscript 7.06 немесе одан кейінгі нұсқасына дейін жаңартуыңыз керек. Ең соңғы Ghostscript нұсқаларын www.ghostscript.com веб-сайтынан таба аласыз.

Кейбір түрлі-түсті суреттер күтпеген түстерде басып шығарылуы мүмкін.

Бұл - Ghostscript (GNU Ghostscript 7.xx нұсқасына дейінгі) белгілі қатесі, яғни құжаттың фондық түсінің кеңістігі индекстелген RGB түс кеңістігі болып табылады және ол CIE түс кеңістігі арқылы түрленеді. Postscript түс сәйкестігінің жүйесі үшін CIE түс кеңістігін пайдаланатындықтан, жүйеңіздегі Ghostscript қолданбасын кемінде GNU Ghostscript 8.xx немесе одан кейінгі нұсқасына дейін жаңартуыңыз керек. Ең соңғы Ghostscript нұсқаларын www.ghostscript.com веб-сайтынан таба аласыз.

Құрылғы бүкіл бетте басып шығармайды және шығыс беттің жартысында басып шығарылады.

Бұл Ghostscript бағдарламасының 8.51 немесе одан ескі нұсқасын, 64-bit Linux OS жүйесін пайдаланғанда орын алатын белгілі мәселе және ол туралы bugs.ghostscript.com торабына 688252 Ghostscript қатесі ретінде есеп берілген. Мәселе AFPL Ghostscript v. 8.52 немесе одан жоғары нұсқаларда шешілген. Бұл мәселені шешу үшін AFPL Ghostscript бағдарламасының соңғы нұсқасын http://sourceforge.net/projects/ghostscript/ торабынан қотарыңыз және орнатыңыз.

Gimp клиенті арқылы сканерлей алмаймын.

Gimp клиентінде Acquire мәзірінде Xsane:Device тілқатысу терезесі бар-жоғын тексеріңіз. Олай болмаса, компьютерге Gimp бағдарламасына арналған Xsane қондырмасын орнату керек. Gimp бағдарламасына арналған Xsane қондырмасының бумасын тарату ықшам дискісінде немесе Gimp бағдарламасының өзіндік бетінде табуға болады. Егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін Linux жүйесін тарату ықшам дискісіндегі немесе Gimp клиенттік бағдарламасындағы анықтаманы қараңыз.

Егер сканерлеу бағдарламасының басқа түрін пайдалану керек болса, бағдарламаның анықтамасын қараңыз.

Құжатты басып шығарғанда «Cannot open port device file» қате туралы хабары шығады.

Басып шығару тапсырмасы орындалып жатқанда басып шығару тапсырмасының параметрлерін (мысалы, LPR GUI арқылы) өзгертпеңіз. CUPS серверінің белгілі нұсқалары басып шығару параметрлері өзгертілгенде басып шығару тапсырмасын үзеді, содан кейін тапсырманы басынан бастауға әрекет жасайды. Unified Linux Driver басып шығарғанда портты құрсаулайтындықтан, драйверді бірден тоқтату портты құрсаулы және келе жатқан басып шығару тапсырмаларына қол жетімді емес етеді. Егер бұл жағдай орын алса, Port configuration терезесінде Release port пәрменін таңдау арқылы портты босатып көріңіз.

Құрылғы сканерлер тізімінде жоқ.

  • Құрылғының компьютерге қосылғанын, USB порт арқылы дұрыстап қосылғанын және қосулы екенін тексеріңіз.

  • Құрылғының сканер драйвері жүйеде орнатылғанын тексеріңіз. Unified Linux Driver конфигураторын ашып, «Scanners configuration» терезесіне өтіңіз, одан кейін «Drivers» тармағын басыңыз. Терезеде құрылғының атауына сәйкес атауы бар драйвер тізілгенін тексеріңз.

  • Порттың бос екенін тексеріңіз. Құрылғының функционалдық құрамдастары (принтер және сканер) бірдей кіріс/шығыс интерфейсін (портты) ортақ пайдаланғандықтан, әр түрлі пайдаланушылық бағдарламалар бір портқа бір уақытта қатынасатын жағдай болуы мүмкін. Мүмкін қайшылықтарды болдырмау үшін бір уақытта олардың біреуі ғана құрылғыны бақылайды. Басқа пайдаланушы «құрылғы бос емес» жауабын алады. Бұл әдетте сканерлеу іс рәсімін бастағанда орын алады. Сәйкес хабар терезесі шығады.

    Мәселенің себебін анықтау үшін «Ports configuration» терезесін ашып, сканерге тағайындалған портты таңдаңыз; «/dev/mfp0» порт таңбасы сканердің параметрлерінде көрсетілетін «LP:0» белгісіне сәйкес келеді, «/dev/mfp1» таңбасы «LP:1» белгісіне сәйкес және с.с. USB порттар /dev/mfp4 орнында, осылайша USB:0 портындағы сканер /dev/mfp4 орнына сәйкес қатысты және т.с.с. кезекпен. «Selected port» аумағында портты басқа бағдарлама пайдаланатынын көруге болады. Егер солай болса, ағымдағы тапсырманың аяқталуын күту керек немесе порт ағымдағы бағдарлама дұрыс істеп жатпағанына сенімді болсаңыз «Release port» түймесін басу керек.

Құрылғы сканерлемейді.

  • Құжат құрылғыға салынғанын тексеріңіз, құрылғының компьютерге қосылғанын тексеріңіз.

  • Сканерлеу кезінде кіріс/шығыс қатесі болса.

[Note]

Linux жүйесінің қате туралы хабарлары туралы қосымша ақпарат алу үшін компьютермен бірге келген Linux пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

Жалпы PostScript мәселелері

Келесі жағдайлар PS тіліне қатысты және бірнеше принтер тілдерін пайдаланғанда орын алуы мүмкін.

Мәселе

Ықтимал себеп

Шешім

PostScript файлын басып шығару мүмкін емес

PostScript драйвері дұрыс орнатылмаған болуы мүмкін.

  • PostScript драйверін орнатыңыз (Бағдарламаны орнату бөлімін қараңыз).

  • Теңшелім бетін басып шығарыңыз және басып шығару үшін PS нұсқасы бар екенін тексеріңіз.

  • Егер ақау сақталса, қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз.

Ошибка проверки лимита есебі басып шығарылады

Басып шығару тапсырмасы тым күрделі.

Беттің күрделілігін төмендету немесе қосымша жад орнату керек болуы мүмкін.

PostScript қатесі беті басып шығарылады

Басып шығару тапсырмасы PostScript тілінде болмауы мүмкін.

Басып шығару тапсырмасы PostScript тапсырмасы екенін тексеріңіз. Бағдарлама орнатуды күтіп тұрғанын немесе машинаға PostScript тақырып файлын жіберу керек екенін тексеріңіз.

Драйверде қосымша науа таңдалмаған.

Принтер драйвері қосымша науаны тануға теңшелмеген.

Драйвер сипаттарын ашыңыз, Параметры устройства қойыншасын таңдаңыз және науа параметрін орнатыңыз.

Mac компьютерінде Acrobat Reader 6.0 немесе одан жоғары нұсқасында құжатты басып шығарғанда түстер дұрыс емес басып шығарылады

Принтер драйверіндегі ажыратымдылық параметрі Acrobat Reader бағдарламасындағы параметрге сай емес болуы мүмкін.

Принтер драйверіндегі ажыратымдылық параметрі Acrobat Reader бағдарламасындағы параметрге сай екенін тексеріңіз.