USB жад құрылғысын қолдану

Бұл бөлімде USB жад құрылғысын сіздің құрылғыңызбен қолдану көрсетілген.

USB жады туралы

Құжаттарыңызға, презентацияларыңызға, жүктелген әуендер мен бейнелер, жоғары ажыратымды фотосуреттеріңіз немесе кез келген басқа сақтағыңыз немесе орнын ауыстырғыңыз келетін файлдарыңызға көбірек орын беретін USB жад құрылғыларының бірқатар жад сыйымдылықтары қолжетімді.

Келесі тапсырмаларды құрылғыңызда USB жад құрылғысын пайдаланып орындай аласыз.

  • Құжаттарды сканерлеу және оларды USB жад құрылғысына сақтау.

  • USB жад құрылғысында сақталған деректерді басып шығару.

  • Қор файлдарын құрылғы жадына қайтару

  • USB жад құрылғысын форматтау

  • Қолжетімді жад көлемін тексеру

USB жад құрылғысын енгізу

Сканер қапағын сәл көтеріп, USB жад құрылғысын USB жады портына орнатыңыз. Құрылғыны пайдаланудың алдында сканер қақпағын қайта жабыңыз.

Құрылғыңыздың алдындағы USB жад порты USB V1.1 және USB V2.0 жад құрылғылары үшін жасалған. Сіздің құрылғыңыз FAT16/FAT32 және сектор өлшемі 512 байт USB жад құрылғыларын қолдайды.

USB жады карталарының файлдық жүйесін анықтаңыз.

Тек өкілетті және A аша қосқышы бар USB жад құрылғысын пайдалануыңыз қажет.

Тек металл қорғанысы бар USB жад құрылғысын пайдаланыңыз.

Үйлесімділік сертификаты бар USB жад құрылғысын ғана пайдаланыңыз, болмаса, құрылғы оны қабылдамайды.

[Caution]
  • Құрылғы USB жадымен жұмыс істеп, жазып немесе оқып жатқан кезде USB жад құрылғысын алмаңыз. Құрылғының кепілдігі пайдаланушының дұрыс қолданбауынан болған зақымдарды қамтымайды.

  • Егер USB жад құрылғыңыздың қауіпсіздік және құпия сөз параметрлері сияқты қызметтері болса, құрылғыңыз оны автоматты түрде анықтамауы мүмкін. Осы қызметтер туралы мәліметтер алу үшін USB жад құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

USB жад құрылғысына сканерлеу

[Note]
  • Мәзірлерге қол жеткізу модельден модельге әр түрлі болуы мүмкін (Мәзірге қатынасу бөлімін қараңыз)

  • Кейбір модельдерде төменірек деңгейдегі мәзірлерге өту үшін OK түймесін басу қажет болуы мүмкін.

Құжатты сканерлеп, сканерленген суретті USB жад құрылғысына сақтауға болады.

Сканерлеу

  1. USB жад құрылғысын құрылғыңыздың USB жад портына енгізіңіз.

  2. Бір құжатты төмен қаратып құжат әйнегіне қойыңыз немесе құжаттарды жоғары қаратып құжат бергішке жүктеңіз (Түпнұсқаларды салу бөлімін қараңыз).

  3. Басқару тақтасында (Скан) > Сканир. на USB > OK тармағына өтіңіз.

    Құрылғы сканерлеуді бастайды.

Бірнеше бетті сканерлеу үшін Another Page? Yes/No көрсетілгенде Yes таңдаңыз. Сканерлеу аяқталғаннан кейін USB жад құрылғысын құрылғыңыздан алуға болады.

USB құрылғысына сканерлеуді теңшеу

Әрбір USB құрылғысына сканерлеу тапсырмасы үшін сурет өлшемін, файл форматын немесе түс режимін орната аласыз.

  1. Басқару тақтасында (Скан) > (Menu) > Функция сканир. > Функция USB тармағына өтіңіз.

  2. "Қажет параметрді таңдаңыз" жазуы пайда болады.

    • Исходный размерСурет өлшемін орнатады.

    • Тип оригиналаТүпнұсқа құжат түрін орнатады.

    • РазрешениеСурет ажыратымдылығын орнатады.

    • Цвет.реж. Түс режимін орнатады. Егер осы параметрде Моно тармағын таңдасаңыз Формат өрісінде JPEG форматын таңдай алмайсыз.

    • ФорматСурет сақталатын файл пішімін орнатады. Егер осы параметрде JPEG тармағын таңдасаңыз Цвет.реж. параметрінде Черно-белое өрісін таңдай алмайсыз.

    • ЯркостьТүпнұсқаны сканерлеу үшін ашықтық деңгейін орнатады.

  3. Қалаған күйді таңдап, OK түймесін басыңыз.

  4. 2 және 3-қадамдарды қайталап, басқа орнату параметрлерін орнатыңыз.

  5. Дайын режимге қайту үшін (Stop/Clear) түймесін басыңыз.

Әдепкі сканерлеу параметрлерін өзгертуіңізге болады. Кеңейтілген нұсқаулығын қараңыз.

USB жад құрылғысын басып шығару

USB жад құрылғысында сақталған файлдарды тікелей басып шығара аласыз.

Тікелей басып шығару параметрі қолдайтын файлдар.

  • PRN: Тек құрылғыңызбен берілген драйвер жасаған файлдар ғана үйлесімді.

    [Note]

    Егер сіз басқа құрылғыда жасалған PRN файлдарын басып шығаратын болсаңыз, басып шығарылған материал өзгеше болады.

  • TIFF: TIFF 6.0 негіздік жолағы

  • JPEG: JPEG негіздік жолағы

  • PDF: PDF 1.7 немесе төменірек нұсқасы.

Құжатты USB жад құрылғысынан басып шығару

  1. USB жад құрылғысын құрылғыңыздың USB жад портына енгізіңіз және Direct USB түймешігін басыңыз.

  2. Печать с USB-носит. таңдаңыз.

  3. Қажет қалтаны немесе файлды таңдап, OK түймесін басыңыз.

    Егер қалта атының алдында [+] немесе [D] таңбасын көрсеңіз, таңдалған қалтада бір немесе одан көп файл немесе қалта бар.

  4. Басып шығарылатын көшірмелер санын таңдаңыз немесе санын енгізіңіз.

  5. Таңдалған файлды басып шығаруды бастау үшін OK, Start немесе Печать түймешігін басыңыз.

    Файлды басып шығарғаннан кейін диплейде басқа тапсырманы басып шығару керектігі сұралады.

  6. Басқа тапсырманы басып шығаруда Да пайда болғанда OK түймешігін басып, 2-қадамнан бастап қайталаңыз.

    Болмаса, Нет таңдау үшін сол жақ/оң жақ көрсеткіні басып, OK түймешігін басыңыз.

  7. Дайын режимге қайту үшін (Stop/Clear) түймесін басыңыз.

USB жадын реттеу

USB жад құрылғысында сақталған суреттерді бір-бірлеп өшіруіңізге болады, немесе құрылғыны қайта форматтау арқылы барлығын бірден өшіруге болады.

[Note]

Егер қалта атының алдында [+] немесе [D] таңбасын көрсеңіз, таңдалған қалтада бір немесе одан көп файл немесе қалта бар.

[Caution]

Файлдарды жоюдан кейін немесе USB жады құрылғысын қайта форматтаудан кейін файлдарды қайтару мүмкін емес. Сол себептен, деректерді жоюдың алдында олардың қажет еместігін растаңыз.

Сурет файлын жою

  1. USB жад құрылғысын құрылғыңыздың USB жад портына енгізіңіз және Direct USB түймешігін басыңыз.

  2. Управление файлами > Удалить таңдаңыз және OK түймешігін басыңыз.

  3. Жойғыңыз келетін файлды таңдап, OK түймесін басыңыз.

  4. Да түймешігін таңдаңыз.

  5. Дайын режимге қайту үшін (Stop/Clear) түймесін басыңыз.

USB жад құрылғысын форматтау

  1. USB жад құрылғысын құрылғыңыздың USB жад портына енгізіңіз және Direct USB түймешігін басыңыз.

  2. Управление файлами > Форматирование таңдаңыз және OK түймешігін басыңыз.

  3. Да түймешігін таңдаңыз.

  4. Дайын режимге қайту үшін (Stop/Clear) түймесін басыңыз.

USB жады күйін көру

Құжаттарды сканерлеу және сақтау үшін қолжетімді жад көлемін тексере аласыз.

  1. USB жад құрылғысын құрылғыңыздың USB жад портына енгізіңіз және Direct USB түймешігін басыңыз.

  2. Проверка св. места таңдаңыз.

  3. Дисплейде қолжетімді жад көлемі пайда болады.

  4. Дайын режимге қайту үшін (Stop/Clear) түймесін басыңыз.