Негізгі факс жіберу

[Note]
  • Арнайы факс мүмкіндіктерін Кеңейтілген нұсқаулық қараңыз (Факс мүмкіндіктері бөлімін қараңыз).

[Note]
  • Бұл құрылғыны факс ретінде интернет телефоны арқылы пайдалану мүмкін емес. Қосымша ақпаратты ғаламтор провайдеріңізден алыңыз.

  • Факсты қолдану үшін телефон желілерін қосқан кезде, дәстүрлі аналогтық телефон қызметтерін (PSTN: Ортақ пайдаланылатын телефон желілері) пайдалануды ұсынамыз). Басқа интернет қызметтерін (DSL, ISDN, VolP) пайдаланғанда, шағын сүзгін пайдаланып, байланыс сапасын жақсартуға болады. Шағын сүзгі қажетсіз шу сигналдарын жойып, байланыс сапасын немесе ғаламтор сапасын жақсартады. DSL шағын сүзгісі құрылғымен бірге берілмейтіндіктен, DSL шағын сүзгісін пайдалану үшін ғаламтор провайдеріне хабарласыңыз.

    1. Желілік порт

    2. Шағын сүзгі

    3. DSL модемі / телефон желісі

      (Артқы көрінісі бөлімін қараңыз).

Факс жіберуге дайындау

Факс жіберу немесе қабылдау алдында берілген желі сымын қабырға розеткасына қосыңыз (Артқы көрінісі қараңыз). Қосылымды жасау үшін Жылдам орнату нұсқаулығы нұсқаулығын қараңыз. Телефон байланысын орнату әдісі мемлекетке қарай әр түрлі болады.

Факс жіберу

[Note]

Түпнұсқаларды қойғанда, құжат бергішті немесе сканер шынысын пайдалануға болады. Егер түпнұсқалар құжат бергіш және сканер шынысы екеуіне де қойылса, құрылғы алдымен құжат бергіштегі құжаттарды оқиды. Себебі ол сканерлеуге қарағанда басымдыққа ие.

  1. Бір құжатты төмен қаратып құжат әйнегіне қойыңыз немесе құжаттарды жоғары қаратып құжат бергішке жүктеңіз (Түпнұсқаларды салу бөлімін қараңыз).

  2. Басқару тақтасында (Факс) белгішесін таңдаңыз.

  3. Ажыратымдылығы мен ашықтығын факс қажеттіліктеріне сай реттеңіз (Құжат параметрлерін баптау бөлімін қараңыз).

  4. Факс нөмірін енгізіңіз (Пернетақтадағы әріптер мен сандар бөлімін қараңыз).

  5. Басқару тақтасында (Start) түймесін басыңыз. Құрылғы сканерлеуді бастап, факсті бағыты бойынша жібереді.

[Note]
  • Тікелей компьютерден факс жіберу керек болса, Samsung Network PC Fax бағдарламасын пайдаланыңыз (Факсті компьютермен жіберу бөлімін қараңыз).

  • Факс тапсырмасын болдырмау үшін құрылғы тасымалдауды бастамас бұрын (Стоп/Сброс) түймесін басыңыз.

  • Егер сканер шынысын пайдаланған болсаңыз, құрылғы келесі бетті қоюды сұрайтын хабарды көрсетеді.

Факсті қолмен жіберу

Басқару тақтасында (On Hook Dial) түймесін пайдаланып факс жіберу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз.

[Note]

Құрылғыңыз тұтқа үлгілі болса, факсті тұтқаны пайдаланып жіберуге болады (Әр түрлі мүмкіндіктер бөлімін қараңыз).

  1. Бір құжатты төмен қаратып құжат әйнегіне қойыңыз немесе құжаттарды жоғары қаратып құжат бергішке жүктеңіз (Түпнұсқаларды салу бөлімін қараңыз).

  2. Басқару тақтасында (Факс) белгішесін таңдаңыз.

  3. Ажыратымдылығы мен ашықтығын факс қажеттіліктеріне сай реттеңіз (Құжат параметрлерін баптау бөлімін қараңыз).

  4. Басқару тақтасында (On Hook Dial) түймесін басыңыз немесе тұтқаны көтеріңіз.

  5. Факс нөмірін басқару тақтасындағы сандық пернетақтаны басып теріңіз.

  6. Қашықтықтағы факс құрылғысынан дыбыс деңгейі жоғары факс сигналы естілгенде, (Start) түймесін басыңыз.

Факсті бірнеше бағытқа жіберу

Факсті бірнеше орынға жіберуге мүмкіндік беретін Бірнеше нөмірге жіберу мүмкіндігін пайдалана аласыз. Түпнұсқалар автоматты түрде жадта сақталып, қашықтағы терминалға жіберіледі. Тасымалданғаннан кейін, түпнұсқалар автоматты түрде жадтан өшіріледі.

[Note]

Өте жақсы параметрін таңдасаңыз немесе факс түрлі-түсті болса, бұл мүмкіндік көмегімен факстарды жібере алмайсыз.

  1. Бір құжатты төмен қаратып құжат әйнегіне қойыңыз немесе құжаттарды жоғары қаратып құжат бергішке жүктеңіз (Түпнұсқаларды салу бөлімін қараңыз).

  2. Басқару тақтасында (Факс) белгішесін таңдаңыз.

  3. Ажыратымдылығы мен ашықтығын факс қажеттіліктеріне сай реттеңіз (Құжат параметрлерін баптау бөлімін қараңыз).

  4. Басқару тақтасында (Menu) > Факс > Отпр.нескольк. тармағына өтіңіз.

  5. Бірінші алушы факсінің нөмірін енгізіп, OK түймесін басыңыз.

    Сіз тез теру сандарын баса аласыз немесе (Address Book) түймесін пайдаланып топтық теру нөмірін таңдай аласыз.

  6. Екінші алушы факсінің нөмірін енгізіп, OK түймесін басыңыз.

    Дисплейде құжатты жіберу үшін, келесі факс нөмірін енгізу сұралады.

  7. Факс нөмірлерін енгізу үшін Да көрсетілгенде OK түймесін басып, 5 және 6 қадамдарын қайталаңыз.

    [Note]
    • 10-ға дейін мақсатты орындарды қосуға болады.

    • Топтық теру нөмірлерін бір рет енгізгеннен кейін, басқа топтық теру нөмірлерін енгізу мүмкін емес.

  8. Факс нөмірлерін енгізуді аяқтағаннан кейін, Другой номер? ұсынысынан бас тарту үшін Нет пәрменін таңдап, OK түймесін басыңыз.

    Құрылғы факсті енгізілген нөмірлерге сіз енгізген тәртіп бойынша жібере бастайды.

    Факстарды жібергеннен кейін бірнеше жерге жіберу туралы есеп басып шығарылады.

Факс қабылдау

Құрылғы зауыттан алдын ала «Факс» режиміне орнатылған. Факс келген кезде, құрылғы орнатылған қоңырау санынан кейін қоңырауға жауап беріп, автоматты түрде факсті қабылдайды.

Құжат параметрлерін баптау

Факсті жіберуді немесе қабылдауды бастамас бұрын, сапаны жақсарту үшін, келесі параметрлерді түпнұсқа күйіне сәйкес өзгертіңіз.

[Note]

Кейбір модельдерде төменірек деңгейдегі мәзірлерге өту үшін OK түймесін басу қажет болуы мүмкін.

Разрешение

Құжаттың әдепкі орнатылған параметрлері қалыпты мәтінге негізделген түпнұсқалар қолданылған кезде жақсы нәтиже береді. Алайда, сапасы нашар немесе суреттері бар түпнұсқа жіберсеңіз, жоғары сапалы факс жасау үшін, олардың ажыратымдылығын өзгертуге болады.

  1. Басқару тақтасында (факс) > (Меню) > Факс > Разрешение тармағына өтіңіз.

  2. Қажетті параметрді таңдап, OK түймесін басыңыз.

    • Стандартное: Қалыпты өлшемді таңбалары бар түпнұсқалар.

    • Четкое: Таңбалары кішкентай, жіңішке сызықтары бар немесе матрицалық принтерде басып шығарылған түпнұсқаларға арналған.

    • Очень четкое: Өте кішкентай бөлшектері бар түпнұсқалар үшін. Очень четкое режимі қабылдаушы компьютерде «Жоғары айқындылық» ажыратымдылығына қолдау бар болса ғана қосылады.

      [Note]
      • Жад жіберу үшін Очень четкое режимін пайдалану мүмкін емес. Ажыратымдылық параметрі автоматты түрде Четкое режиміне өзгертіледі.

      • Құрылғы Очень четкое ажыратымдылығына орнатылғанда және байланысып отырған факс құрылғысы Очень четкое ажырамтымдылығын қолдамағанда, құрылғы екінші факс құрылғысы қолдайтын ең жоғарғы ажыратымдылықта жібереді.

    • Фотография: Сұр реңктері немесе фотосуреттері бар түпнұсқа құжаттар.

  3. Дайын режимге қайту үшін (Stop/Clear) түймесін басыңыз.

Плотность

Түпнұсқа құжаттың ашықтық деңгейін таңдауға болады.

[Note]

Ашықтық параметрі ағымдағы факс тапсырмасына қолданылады. Әдепкі параметрді өзгерту үшін (Факс бөлімін қараңыз).

  1. Басқару тақтасында (факс) > (Меню) > Факс > Плотность тармағына өтіңіз.

  2. Қажет ашықтық деңгейін таңдаңыз.

  3. Дайын режимге қайту үшін (Stop/Clear) түймесін басыңыз.