Негізгі сканерлеу

[Note]

Арнайы сканерлеу мүмкіндіктерін Кеңейтілген нұсқаулық қараңыз (Сканерлеу мүмкіндіктері бөлімін қараңыз).

Негізгі сканерлеу

Бұл түпнұсқалардың көшірмесін жасаудың негізгі және қалыпты үрдісі.

Бұл USB арқылы қосылған құрылғының негізгі сканерлеу әдісі.

[Note]
  • Кейбір модельдерде төменірек деңгейдегі мәзірлерге өту үшін OK түймесін басу қажет болуы мүмкін.

  • Желіні пайдаланып сканерлеу керек болса, кеңейтілген нұсқаулықты қараңыз (Желіге қосылған құрылғыда сканерлеу бөлімін қараңыз).

  1. Бір құжатты төмен қаратып құжат әйнегіне қойыңыз немесе құжаттарды жоғары қаратып құжат бергішке жүктеңіз (Түпнұсқаларды салу бөлімін қараңыз).

  2. CLX-330xFN Series/CLX-330xFW Series: Басқару тақтасында (сканерлеу) > Сканир. на ПК > Локальный ПК тармағына өтіңіз.

    НЕМЕСЕ

    CLX-330x Series/CLX-330xW Series: Басқару тақтасында Scan to > Сканир. на ПК > Локальный ПК түймесін басыңыз.

    [Note]

    Егер Недоступно хабарын көрсеңіз, порт қосылымын тексеріңіз немесе Samsung Easy Printer Manager > Кеңейтілген режимге ауысу > Параметры сканирования на ПК ішінен Включить тармағына өтіңіз.

  3. Қажет сканерлеу мақсатты орнын таңдап, OK түймесін басыңыз.

    Әдепкі параметр дегеніміз Мои документы қалтасы болып табылады.

    [Note]
    • Жиі пайдаланылатын параметрлердің профиль тізімін жасау, сақтауға болады. Сондай-ақ, профильді қосуға және жоюға және әр профильді басқа жол көрсетіп сақтауға болады.

    • Samsung Easy Printer Manager > Кеңейтілген режимге ауысу > Параметры сканирования на ПК өзгерту үшін.

  4. Қажетті параметрді таңдап, OK түймесін басыңыз.

  5. Сканерлеу басталады.

    [Note]

    Сканерленген бейне компьютердегі C:\Пайдаланушылар\пайдаланушы аты\Менің құжаттарым ішінде сақталады. Сақтау қалтасы амалдық жүйеге немесе пайдаланылатын бағдарламаға байланысты басқа болуы мүмкін.