Samsung Easy Document Creator пайдалану

Samsung Easy Document Creator - пайдаланушыларға көптеген форматтарда, соның ішінде .epub форматындағы құжаттарды сканерлеуге, жинауға және сақтауға мүмкіндік береді. Бұл құжаттарды әлеуметтік желі сайттары немесе факс көмегімен бөлісуге болады. Сіз кітапханада іздеуді ұйымдастыратын студент не соңғы туған күнді мерекелеуде жасалып сканерленген фотосуреттермен бөліскіңіз келсе, Easy Document Creator қажет құралдармен қамтамасыз етеді.

[Note]
  • Windows жүйесінің пайдаланушыларына ғана қол жетімді.

  • Samsung Easy Document Creator үшін ең төмен талаптары - Windows XP не одан жоғары және Internet Explorer 6.0 қажет.

  • Samsung Easy Document Creator бағдарламасы машина бағдарламалық жасақтамасын орнатқанда автоматты түрде орнатылады.

Samsung Easy Document Creator түсіну

Бағдарламаны ашу үшін:

Бастау > Бағдарламалар немесе Барлық бағдарламаларда > Samsung Printers > Samsung Easy Document Creator > Samsung Easy Document Creator тармағын таңдаңыз.

Samsung Easy Document Creator интерфейсі төмендегі кестеде сипатталған әр түрлі негізгі бөлімдерден тұрады:

[Note]

Скриншот пайдаланып жатқан операциялық жүйеге байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.

1

(Ақпарат)

Бағдарлама нұсқасы туралы ақпаратты көру үшін ақпарат түймешігін нұқыңыз.

(Анықтама)

Пайдаланғыңыз келетін кез келген параметр туралы ақпарат алу үшін нұқыңыз.

2

Quick Scan

Конфигурация бөлімінде ұсынылған параметрлерді пайдаланып сканерлеу. Бейненің түрі, құжатты өлшемі, шешімі немесе файлдың түрі сияқты параметрлерді алдын ала орната аласыз (Жылдам сканерлеу қараңыз).

3

Сканирование

Құжаттарды бір-бірлеп сканерлеу үшін дәл параметрлерді қамтиды (Сканерлеу қараңыз).

[Note]

Мәтінді түрлендіру тек оптикалық таңбаларды оқу (OCR) қамтымын бөлек орнату файлынан орнатқаннан кейін ғана қол жетімді болады.

  • Сканирование изображенияЖеке немесе бірнеше суреттерді сканерлеу үшін қолданылады.

  • Сканирование документаМәтіні немесе мәтіні мен суреттері бар құжаттарды сканерлеу үшін қолданылады.

  • Преобразование текста Өзгертілетін мәтін форматында сақталуы тиіс құжаттарды сканерлеу үшін қолданылады.

  • Сканирование книги Планшетті сканер көмегімен кітаптарды сканерлеу үшін қолданылады.

  • Избранные настройки Пайдаланушы жиі қолданылатын сканерлеу параметрлерін таңдаулылар қатарына қоса алады.

4

Загрузка в социальную сеть

Файлдарды жеңіл әрі жылдам әлеуметтік желі сайттарына (SNS) жүктеуге мүмкіндік береді. Бейнені тікелей сканерлеуге немесе Facebook, Flickr, Picasa, Google Docs не Twitter жүктеу үшін дайын бейнені таңдауға болады (Әлеуметтік желі сайттары үшін сканерлеу қараңыз).

[Note]

SNS жүктеу тек Microsoft®.NET Framework 3.5 Service Pack 1 орнатылғаннан кейін қол жетімді болады (http://www.microsoft.com/download/en/details.aspx?id=22), сондай-ақ, Windows XP не одан жоғары және Internet Explorer 7.0 не одан жоғары шолғыш қажет

5

Преобразование в электронную книгу

Бірнеше құжаттарды электрондық кітап ретінде сканерлеу немесе бар файлдарды электрондық кітап форматына (.epub файлы) ауыстыру мүмкіндігін береді (Электронды кітапқа айналдыру қараңыз).

6

Send Fax

Samsung Network PC Fax драйвері орнатылған болса, Easy Document Creator ішінен құжатты тікелей факс етіп жіберуге мүмкіндік береді (Факсті компьютермен жіберу қараңыз).

[Note]

Samsung Network PC Fax драйвері орнатылмаған болса, олар сұр түспен бөлектеніп көрсетіледі.

7

Настройка

Обычное және Жылдам сканерлеу параметрлері көрсетіледі.

8

Имя устройства

Пайдалану үшін дайын сканер/факс көрсетіледі.

9

Поиск

Егер пайдалану үшін қол жетімді құрылғы көрсетілмесе, оны анықтау үшін бұл түймешікті басыңыз.

[Note]

Қол жетімді барлық құрылғыларды анықтау үшін Поиск сейчас түймешігін басыңыз.

[Note]

Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышында Анықтама () түймесін басыңыз және білгіңіз келетін кез келген параметрді нұқыңыз.

Функцияларды пайдалану

Сканерлеу

  1. Бір құжатты төмен қаратып құжат әйнегіне қойыңыз немесе құжаттарды жоғары қаратып құжат бергішке жүктеңіз (Түпнұсқаларды салу бөлімін қараңыз).

  2. Бастапқы терезедегі Сканирование түймешігін нұқыңыз.

  3. Сканерлеу түрін немесе таңдаулыларды таңдаңыз және Начать басыңыз.

  4. Бейне баптауларын орындаңыз (Параметры сканирования және Дополнительно).

  5. Дайын бейнені сканерлеу үшін Сканирование немесе алдын ала бейнені алу үшін Просмотр басыңыз.

  6. Сохранить в папку, Отправить по эл. почте немесе Отправить в социальную сеть таңдаңыз.

  7. Сохранить (Сканді сақтау), Отправить (Сканді эл. поштамен жіберу) немесе Опубликовать (Жариялау) басыңыз.

[Note]

Құжат әйнегінде камера көрсетілсе, бір мезгілде бір элементтен артық объектілер сканерлене алады. Бірнеше аймақты таңдау үшін құралын пайдаланыңыз.

Жылдам сканерлеу

Жылдам сканерлеуді теңшеу

Жылдам сканерлеу функцияларын орнату үшін:

  1. Бастапқы терезедегі Настройка түймешігін нұқыңыз.

  2. Әдепкі параметрлерді пайдалану немесе жеке функцияларды таңдау үшін По умолчанию түймешігін нұқыңыз.

  3. Өзгертулерді сақтау үшін Применить пәрменін таңдаңыз.

Жылдам сканерлеуді пайдалану
  1. Бір құжатты төмен қаратып құжат әйнегіне қойыңыз немесе құжаттарды жоғары қаратып құжат бергішке жүктеңіз (Түпнұсқаларды салу бөлімін қараңыз).

  2. Бастапқы терезедегі Быстрое сканирование түймешігін нұқыңыз.

  3. Сканерленген бейнелерді сақтау қалтасын таңдаңыз.

  4. Өзгертулерді сақтау үшін Сохранить пәрменін таңдаңыз.

[Note]

Дәл сондай параметрлермен басқа бейнені сканерлеу үшін Сканировать түймешігін нұқыңыз.

Әлеуметтік желі сайттары үшін сканерлеу

Тікелей сканерлеу
  1. Бір құжатты төмен қаратып құжат әйнегіне қойыңыз немесе құжаттарды жоғары қаратып құжат бергішке жүктеңіз (Түпнұсқаларды салу бөлімін қараңыз).

  2. Бастапқы терезедегі Загрузка в социальную сеть түймешігін нұқыңыз.

  3. Сканирование в социальную сеть > Начать түймесін басыңыз.

  4. Сканирование түймесін басыңыз.

Бар файлды жүктеу
  1. Бастапқы терезедегі Загрузка в социальную сеть түймешігін нұқыңыз.

  2. Загрузка файла в социальную сеть > Начать түймесін басыңыз.

  3. Орынды таңдап, жүктеу файлын табу үшін Добавить басыңыз.

  4. Бейне жіберілетін әлеуметтік торапты таңдап, Далее басыңыз.

  5. Әр әлеуметтік тораптағы нұсқауларды орындаңыз.

[Note]

Желіге шығуға байланысты әр әлеуметтік торабына қол жеткізу немесе жүктеу ақауы туса, желіңіздегі қауіпсіздік шектеулері әкімшімен тексерілуі тиіс. Samsung Easy Document Creator арқылы жүктеу кезінде әлеуметтік тораптың тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында HTTPS байланысы үшін шектелмеген желі ортасы қажет.

Электронды кітапқа айналдыру

Тікелей сканерлеу
  1. Бір құжатты төмен қаратып құжат әйнегіне қойыңыз немесе құжаттарды жоғары қаратып құжат бергішке жүктеңіз (Түпнұсқаларды салу бөлімін қараңыз).

  2. Бастапқы терезедегі Преобразование в электронную книгу түймешігін нұқыңыз.

  3. Сканирование в электронную книгу > Начать түймесін басыңыз.

  4. .epub файлы үшін метатэг ақпараты ретінде қолданылатын атау мен авторды енгізіңіз де, сақталатын орынды таңдаңыз.

  5. Сохранить түймесін басыңыз.

Бар файлдар пішінін ауыстыру
  1. Бастапқы терезедегі Преобразование в электронную книгу түймешігін нұқыңыз.

  2. Преобразование файла в электронную книгу > Начать түймесін басыңыз.

  3. Ауыстырылатын файлды табу үшін Добавить түймешігін басыңыз.

  4. .epub файлы үшін метатэг ақпараты ретінде қолданылатын атау мен авторды енгізіңіз де, сақталатын орынды таңдаңыз.

  5. Сохранить түймесін басыңыз.

Факс жіберу

  1. Бастапқы терезедегі Отправить түймешігін нұқыңыз.

  2. Файлды табу түймешігін басып, факс арқылы жіберілетін файлды белгілеңіз.

  3. Отправить түймесін басыңыз.

  4. Факс ақпаратын енгізіңіз (алушы нөмірі, бірінші бет ақпараты, т.б.).

  5. Отправить түймесін басыңыз.

Plug-ins

Easy Document Creator Microsoft PowerPoint, Word және Excel үшін жаңа қондырмаларды жасауда көмек береді. Бұл жаңа қондырмалар бағдарманың мәзір жолағындағы Easy Document Creator мәзірінде болады: Сканировать в Office, Отправить және Электронная книга.