Басқару панеліне жалпы шолу

[Note]
  • Бұл басқару панелі моделіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Басқару тақталарының әр түрлі түрлері бар.

  • Модельге немесе елге байланысты кейбір мүмкіндіктер және қосымшалар қол жетімді болмауы мүмкін (Үлгілер бойынша мүмкіндіктер бөлімін қараңыз).

CLX-330x Series / CLX-330xW Series

1

WPS [a]

Сымсыз желі қосылымын компьютерсіз оңай теңшейді (WPS түймесін пайдалану бөлімін қараңыз).

Print Screen [b]

Бұл түймешікті басыңыз және дисплей экранында Печатать снимок? көрсетіледі. Егер тек белсенді экранды басып шығарғыңыз келсе, Активно параметрін таңдаңыз. Егер экранды толығымен басып шығару қажет болса, Заполнено параметрін таңдаңыз.

[Note]
  • Басып шығару экраны функциясы тек Windows және Mac амалдық жүйелерінде пайдаланылады.

  • Бұл функцияны тек USB арқылы қосылған құрылғыда пайдалана аласыз.

  • Экранды басып шығару түймесін пайдаланып белсенді терезені/бүкіл монитор экранын басып шығарғанда, құрылғы ненің басып шығарылып жатқанына байланысты көбірек тонер пайдалануы мүмкін.

  • Бұл функцияны құрылғының Samsung Easy Printer Manager бағдарламасы орнатылған болса ғана пайдалана аласыз. Егер Mac жүйесінің пайдаланушысы болсаңыз, Print Screen мүмкіндігін пайдалану үшін Samsung Easy Printer Manager бағдарламасында Screen Print Settings қосу керек.

2

Scan to

Сканерлеу және көшіру режимдерінің арасында ауыстырып қосылады. Scan to диоды сканерлеу режимінде қосылады және көшіру режимінде өшіріледі.

3

Дисплей экраны

Ағымдағы күйді көрсетіп, жұмыс кезінде ұсыныстар жасайды.

4

Көрсеткілер

Таңдалған мәзірдің ішіндегі қол жетімді опциялар арқылы жылжытып, мәндерді арттырады немесе азайтады.

5

Menu

«Menu» мәзірін ашады және қол жетімді мәзірлерде жылжиды (Мәзірді шолу бөлімін қараңыз).

6

OK

Экранындағы таңдауды растайды.

7

Stop/Clear

Әрекеттерді кез келген уақытта тоқтатады.

8

Power/Wakeup

Қуатты қосады немесе өшіреді я болмаса құрылғыны қуатты үнемдеу режимінен оятады. Егер құрылғыны өшіру қажет болса, құрылғы дайын режимде болғанда бұл түймені үш секундтан артық басыңыз.

9

Start

Тапсырманы бастайды.

10

Back

Жоғарғы мәзір деңгейіне қайтарады.

11

Status жарық диодты көрсеткіші

Құрылғының күйін көрсетеді (Жарық диодты экран күйін түсіну бөлімін қараңыз).

12

Eco

ДК арқылы басып шығару және көшіру кезінде ғана тонерді тұтынуды және қағазды пайдалануды азайту үшін үнемдеу режиміне кіреді (Үнемді басып шығару бөлімін қараңыз).

13

Direct USB

Ол машинаның алдындағы USB портында салынған кезде, USB жады құрылғысында сақталған файлдарды тікелей басып шығаруға мүмкіндік береді.

[a] CLX-330xW Series ғана.

[b] CLX-330x Series ғана.

CLX-330xFN Series / CLX-330xFW Series

1

WPS [a]

Сымсыз желі қосылымын компьютерсіз оңай теңшейді (WPS түймесін пайдалану бөлімін қараңыз).

Darkness [b]

Түпнұсқа құжатта анық емес белгілер мен күңгірт суреттер болғанда, оқу оңайырақ болуға көшірме жасау үшін жарықтық деңгейін реттейді.

2

ID Copy

Парақтың бір бетіне жүргізуші куәлігі сияқты жеке куәлік карталарының екі жағын көшіруге мүмкіндік береді (Жеке бас куәлігінің көшірмесін жасау қараңыз).

3

Дисплей экраны

Ағымдағы күйді көрсетіп, жұмыс кезінде ұсыныстар жасайды.

4

Көшіру

Көшіру режиміне ауыстырады.

5

Факс

Факс режиміне ауыстырады.

6

Көрсеткілер

Таңдалған мәзірдің ішіндегі қол жетімді опциялар арқылы жылжытып, мәндерді арттырады немесе азайтады.

7

Menu

«Menu» мәзірін ашады және қол жетімді мәзірлерде жылжиды (Мәзірді шолу бөлімін қараңыз).

8

OK

Экрандағы таңдауды растайды.

9

Сандық пернетақта

Нөмірді тереде немесе әліпбилік-сандық таңбаларды енгізеді (Пернетақтадағы әріптер мен сандар бөлімін қараңыз).

10

Address Book

Жиі пайдаланылатын факс нөмірлерін сақтауға немесе сақталған факс нөмірлерін іздеуге мүмкіндік береді (Факс мекенжай кітапшасын орнату бөлімін қараңыз).

11

Redial/Pause

Дайын режимінде жақында жіберілген факс нөмірін немесе алынған қоңырау шалушы идентификаторын қайта тереді я болмаса өңдеу режимінде факс нөміріне кідірту(-) таңбасын енгізеді (Факс нөмірін қайта теру бөлімін қараңыз).

12

Stop/Clear

Бірер уақытқа әрекеттерді тоқтатады.

13

Power/Wakeup

Қуатты қосады немесе өшіреді я болмаса құрылғыны қуатты үнемдеу режимінен оятады. Егер құрылғыны өшіру қажет болса, құрылғы дайын режимде болғанда бұл түймені үш секундтан артық басыңыз.

14

Start

Тапсырманы бастайды.

15

On Hook Dial

Бұл түймені басқанда, теру үнін естисіз. Содан кейін факс нөмірін енгізіңіз. Спикерфонды пайдаланып қоңырау соғуға ұқсайды (Факстерді «Tel» режимінде қолмен қабылдау бөлімін қараңыз).

16

Back

Жоғарғы мәзір деңгейіне қайтарады.

17

Сканерлеу

Сканерлеу режиміне ауыстырады.

18

Status жарық диодты көрсеткіші

Құрылғының күйін көрсетеді (Жарық диодты экран күйін түсіну бөлімін қараңыз).

19

Eco

ДК арқылы басып шығару және көшіру кезінде ғана тонерді тұтынуды және қағазды пайдалануды азайту үшін үнемдеу режиміне кіреді (Үнемді басып шығару бөлімін қараңыз).

20

Direct USB

Ол машинаның алдындағы USB портында салынған кезде, USB жады құрылғысында сақталған файлдарды тікелей басып шығаруға мүмкіндік береді.

[a] CLX-330xFW Series ғана.

[b] CLX-330xFN Series ғана.