Желі арқылы драйверді орнату

[Note]
  • Кейбір функциялар және қосымша құрылғылар моделіңізге немесе мемлекетіңізге байланысты қолжетімсіз болуы мүмкін ( Үлгілер бойынша мүмкіндіктер қараңыз).

  • Желіні қолдамайтын құрылғы бұл мүмкіндікті пайдалана алмайды (Артқы көрінісі бөлімін қараңыз).

  • V4 драйвері орнатылған кезде, Samsung Printer Experience бағдарламасы тек Бастау экранында пайдаланылады. Егер компьютер Интернетке қосылған болса, V4 драйвері Windows Update торабынан автоматты түрде жүктеледі. Олай болмаса, V4 драйверін Samsung веб-торабынан қолмен жүктеуіңізге болады, www.samsung.com > өнімді табыңыз > Қолдау немесе жүктемелер тармағына өтіңіз.

  • Егер драйверді берілген бағдарламалық жасақтама ықшам дискісін пайдалану арқылы орнатсаңыз, V4 драйвері орнатылмайды. Егер сіз V4 драйверін Жұмыс үстелі экранында пайдаланғыңыз келсе, Samsung веб-торабынан жүктеуіңізге болады, www.samsung.com > өнімді табыңыз > Қолдау немесе жүктемелер тармағына өтіңіз.

Пуск экранынан

  1. Құрылғының желіге қосылғанын және қуат көзіне қосылғанына көз жеткізіңіз. Сонымен бірге, машинаның IP мекенжайын орнату керек (IP мекенжайды орнату бөлімін қараңыз).

  2. Charms(Charms) бөлімінен, Параметрлер > ДК параметрлерін өзгерту > Құрылғы тармағын таңдаңыз.

  3. Құрылғы қосу түймесін басыңыз.

    Табылған құрылғылар экранға шығады.

  4. Пайдаланғыңыз келген модель атын немесе хост атауын басыңыз.

    [Note]
    • Машинаның басқару тақтасынан машинаның ағымдағы хост атауын көрсететін "Желі теңшелімі туралы есепті" басып шығара аласыз (Желі конфигурациясы есебін басып шығару бөлімін қараңыз).

    • Егер Samsung принтерінің басқару құралдарын орнатқыңыз келсе, оларды берілген бағдарламалық жасақтама ықшам дискісін пайдаланып орнатуыңыз қажет (Жұмыс үстелі экранынан қараңыз).

    • Samsung Printer Experience бағдарламасын Windows Қоймалар қызметінен жүктей аласыз. WindowsStore(Қоймалар) қызметін пайдалану үшін сізде Microsoft тіркелгісі болуы керек.

      1. Charms(Charms) бөлімінен Іздеу таңдаңыз.

      2. Store(Қоймалар) түймесін басыңыз.

      3. Samsung Printer Experience бағдарламасын іздеп, басыңыз.

      4. Установить түймесін басыңыз.

  5. Драйвер Windows Update торабынан автоматты түрде орнатылады.

Рабочий стол экранынан

[Note]

Егер драйверді берілген бағдарламалық жасақтама ықшам дискісін пайдалану арқылы орнатсаңыз, орнатылған драйверді Бастау экранынан пайдалана алмайсыз.

  1. Құрылғының желіге қосылғанын және қуат көзіне қосылғанына көз жеткізіңіз. Сонымен бірге, машинаның IP мекенжайын орнату керек (IP мекенжайды орнату бөлімін қараңыз).

  2. Қос берілген бағдарламалық жасақтама ықшам дискісін CD-ROM дискжетекке енгізіңіз.

    Егер орнату терезесі көрсетілмесе, Charms(Charms) бөлімінен Іздеу > Apps(Apps) таңдап, Іске қосу пәрменін іздеңіз. X:\Setup.exe деп «X» әрпінің орнына CD-ROM дискжетектің әрпін теріп, ОК түймесін басыңыз.

    [Note]

    Егер “Осы дискпен әрекетті таңдау үшін түрту.” қалқымалы терезесі пайда болса, терезені басыңыз және Run Setup.exe жолын басыңыз.

  3. Лицензионное соглашение на использование программного обеспечения және Использование расширенных возможностей и участие в программе сбора данных об использовании принтера (қосымша) тармақтарын оқып, растаңыз. Содан кейін Далее түймесін басыңыз.

  4. Сетевое подключение экранындағы Сетевое соединение тармағын таңдаңыз.

  5. Егер Подключение устройства терезесі орын алса, құрылғының желіге қосылғанын тексеріңіз. Содан кейін Далее түймесін басыңыз.

    [Note]

    Желіаралық дидар бағдарламасы байланысты бұғаттап жатуы мүмкін. Құрылғыны желіге жалғау алдында, компьютердің желіаралық дидарын ажыратыңыз.

  6. Табылған құрылғылар экранға шығады. Пайдалану қажет құрылғыны таңдап, OK түймесін басыңыз.

  7. Орнату терезесіндегі нұсқауларды орындаңыз.