Алуға болатын жабдықтар

Шығын материалдарының қызмет көрсету мерзімдері аяқталғанда, құрылғыңыз үшін шығын материалдарының келесі түрлеріне тапсырыс бере аласыз:

Түрі

Орташа өнімділік[a]

Бөлшек атауы

Тонер картриджі

  • Орташа ұзақтықтағы қара түсті картридж өнімділігі: Шамамен 1,500 стандартты парақ (қара)

  • Орташа ұзақтықтағы түсті картридж өнімділігі: Шамамен 1,000 стандартты парақ (сары/маджента/көгілдір)

  • K406 (CLT-K406S): Қара

  • C406 (CLT-C406S): Көгілдір

  • M406 (CLT-M406S): Маджента

  • Y406 (CLT-Y406S): Сары

Бейнелеу құрылғысы

Шамамен 16 000 сурет[b]

CLT-R406

Пайдаланылған тонер контейнері

Шамамен 7,000 сурет[b]

CLT-W406

[a] ISO/IEC 19798 стандартына сай сертификацияланған. Басылып шыққан қағаздар санына жұмыс істеу ортасы, басып шығару интервалы, графика, тасымалдаушы түрі және тасымалдаушы көлемі әсер етуі мүмкін.

[b] Суреттер әр беттегі бір түске негізделіп есептелінеді. Егер құжаттарды түстердің толық жиынын (көгілдір, маджента, сары, қара) пайдаланып басып шығарсаңыз, бұл құрылғының қызмет ету ұзақтығы 25%-ға кемиді

[Note]

Пайдаланылған опциялар, сурет кеңістігінің пайыздық көрсеткішіне және тапсырма режиміне қарай тонер картриджінің қызмет ету мерзімі әр түрлі болуы мүмкін.

[Warning]

Жаңа тонер картриджерін немесе басқа шығын материалдарын сатып алғанда, оларды машинаны пайдаланып жатқан елде сатып алу керек. Әйтпесе, тонер картридждерінің және басқа шығын материалдарының нақты ел жағдайларына сай басқа теңшелімдеріне байланысты жаңа тонер картридждері немесе басқа шығын материалдары машинамен сыйыспайтын болуы мүмкін.

[Caution]

Samsung компаниясы Samsung компаниясы жасамаған қайта толтырылған немесе қайта жасалған тонері бар сияқты тонер картриджін пайдалануды ұсынбайды. Samsung корпорациясы Samsung өзі шығармаған тонер картриджінің сапасына кепілдік бере алмайды. Samsung кoмпаниясы жасамаған тонер картриджерін пайдалану нәтижесінде қажет болған қызмет көрсету немесе жөндеуді машинаның кепілдігі қамтымайды.