Факс

Факс

[Note]

Параметрлерге немесе үлгілерге байланысты дисплейде кейбір мәзірлер пайда болмауы мүмкін. Егер солай болса, ол құрылғыға сәйкес келмейді (Мәзірді шолу бөлімін қараңыз).

Мәзір параметрлерін өзгерту:

  • Басқару тақтасында (факс) > (Menu) > Факс тармағына өтіңіз.

Элемент

Сипаттама

Плотность

Түпнұсқа құжатта анық емес белгілер мен күңгірт суреттер болғанда, оқу оңайырақ түпнұсқаны сканерлеу үшін жарықтық деңгейін реттейді (Плотность бөлімін қараңыз).

Разрешение

Құжаттың әдепкі параметрлері әдеттегі мәтінге негізделген түпнұсқалар қолданылған кезде жақсы нәтиже береді. Алайда, сапасы нашар немесе суреттері бар түпнұсқа жіберсеңіз, жоғары сапалы факс жасау үшін, олардың ажыратымдылығын өзгертуге болады (Разрешение бөлімін қараңыз).

Исходный размер

Сурет өлшемін орнатады.

Отпр.нескольк.

Факсті бірнеше бағытқа жібереді (Факсті бірнеше бағытқа жіберу бөлімін қараңыз).

[Note]

Бұл функцияны пайдаланып, түрлі түсті факс жіберу мүмкін емес.

Отлож. отправ.

Құрылғыны факсті кейінірек, сіз болмаған кезде жіберуге орнатады (Факстің тасымалдануын кідірту бөлімін қараңыз).

[Note]

Бұл функцияны пайдаланып, түрлі түсті факс жіберу мүмкін емес.

Приор. отправ.

Түпнұсқа жадқа сканерленеді және ағымдағы әрекет орындалғаннан кейін дереу жіберіледі. Басымдылыққа ие факсті жіберу функциясы станциялар арасында (мысалы, А станциясына жіберу аяқталғаннан кейін, Б станциясына жіберу басталмай тұрып) немесе қайта теру әрекеттерінің арасында бірнеше бағытқа жіберуді бөледі (Басымдылыққа ие факсті жіберу бөлімін қараңыз).

Переслать

Жіберілген факсті басқа бағытқа факс арқылы қайта жібереді. Жіберілген факсті басқа бағытқа қайта жіберу бөлімін қараңыз.

Пересл. Принятые

Қабылданған факсты басқа бағытқа факс немесе компьютер арқылы қайта жібереді. Бұл функция кеңседен тыс болып, бірақ факс алуыңыз керек болған кезде өте пайдалы. Қабылданған факсті қайта жіберу бөлімін қараңыз.

Безопас. прием

Қабылданған факсты басып шығарусыз жадта сақтайды. Қабылданған құжаттарды басып шығару үшін құпия сөзді енгізу керек. Қабылданған факстерді рұқсаты жоқ адамдардың оқуын болдырмауға болады (Қауіпсіз қабылдау режимінде қабылдау бөлімін қараңыз).

Добавить стр.

Тапсырыс жасалған кідіртілген факс тапсырмасына құжаттарды қосады (Тапсырыс жасалған факске құжаттарды қосу бөлімін қараңыз).

Отмена задания

Жадта сақталған кідіртілген факс тапсырмасын болдырмайды (Тапсырыс жасалған кідіртілген факс тапсырмасын болдырмау бөлімін қараңыз).

Жіберу параметрлерін орнату

[Note]

Параметрлерге немесе үлгілерге байланысты дисплейде кейбір мәзірлер пайда болмауы мүмкін. Егер солай болса, ол құрылғыға сәйкес келмейді (Мәзірді шолу бөлімін қараңыз).

Мәзір параметрлерін өзгерту:

  • Басқару тақтасында (факс) > (Меню) > Настр. факса > Отправка тармағына өтіңіз.

Элемент

Сипаттама

Кол-во дозв.

Қайта теру әрекеттерінің санын орнатады. 0 саны енгізілсе, құрылғы қайта термейді.

Интервал дозв.

Автоматты қайта теру алдындағы уақыт аралығын орнатады.

Префикс набора

Беске дейін сандардан тұратын префиксті орнатады. Бұл нөмір автоматты түрде терілетін кез келген нөмірден бұрын теріледі. Ол PABX алмасу серверіне кіру үшін пайдалы.

Реж. испр. ош.

Факстар ешбір қатесіз, қиындықтарсыз жіберілуін қамтамасыз ету үшін факстарды қателерді түзету режимін (ECM) пайдаланып жібереді. Бұл көбірек уақыт алуы мүмкін.

Подтв. факс

Құрылғыны факсты тасымалдау сәтті аяқталды ма, жоқ па, сол туралы есепті басып шығаруға реттейді. Егер Ошибка параметрін таңдасаңыз, құрылғы жіберу сәтті болғанда ғана есепті басып шығарады.

Образ страницы

Жіберілген факстің бірінші бетінің кішірейтілген суреті бар жіберу есебін басып шығарады.

Режим набора

Теру режимін тональдық немесе импульстық етіп орнатады. Бұл параметр елге байланысты болмауы мүмкін.

Қабылдау параметрлерін орнату

[Note]

Параметрлерге немесе үлгілерге байланысты дисплейде кейбір мәзірлер пайда болмауы мүмкін. Егер солай болса, ол құрылғыға сәйкес келмейді (Мәзірді шолу бөлімін қараңыз).

Мәзір параметрлерін өзгерту:

  • Басқару тақтасында (факс) > (Menu) > Настр. факса > Прием тармағына өтіңіз.

Элемент

Сипаттама

Режим приема

Әдепкі факсты қабылдау режимін таңдайды.

Звонк. до отв.

Кіріс қоңырауына жауап берместен бұрын, құрылғының шырылдау санын көрсетеді.

Печ. дан.факса

Қабылданған факстың әр бетінің астында бет нөмірін және қабылдаудың күні мен уақытын автоматты түрде басып шығарады.

Код начала пр.

Құрылғының артындағы EXT ұяшығына қосылған ішкі телефонда факсты қабылдауды бастайды. Егер ішкі телефон тұтқасын көтергенде, факс дыбысы естілсе, кодты енгізіңіз. Зауытта алдын ала *9* мәніне орнатылады.

Автоуменьшение

Кіріс факстің бетін құрылғыға жүктелген қағаз өлшеміне сай болатындай автоматты түрде азайтады.

Обрезать изоб.

Қабылданған факстың соңынан нақты ұзындықты қиып алады.

Наст. неж.факс

Жадта сақтаған кез келген қалаусыз факстарды қалаусыз факс нөмірлері ретінде бұғаттайды. Бұл параметр елге байланысты болмауы мүмкін.

Режим DRPD

Пайдаланушыға бірнеше түрлі телефон нөмірлеріне жауап беру үшін бір телефон желісін пайдалануға мүмкіндік береді. Құрылғыны әр нөмір үшін әр түрлі қоңырау үлгілерін тануға орнатуға болады. Еліңізге байланысты бұл параметр қол жетімді болмауы мүмкін (Факсті DRPD режимі арқылы қабылдау бөлімін қараңыз).

Басқа баптаулар

[Note]

Параметрлерге немесе үлгілерге байланысты дисплейде кейбір мәзірлер пайда болмауы мүмкін. Егер солай болса, ол құрылғыға сәйкес келмейді (Мәзірді шолу бөлімін қараңыз).

Мәзір параметрлерін өзгерту:

  • Басқару тақтасында (факс) > (Menu) > Настр. факса тармағына өтіңіз.

Элемент

Сипаттама

Измен. умолч.

Мәнді немесе параметрді принтердің қораптан алған кездегісіне қалпына келтіреді.

Автоотчет

Құрылғыны уақыт пен күндерді қоса алдыңғы 50 байланыс әрекеттері туралы толық мәліметтері бар есепті басып шығаратын етіп орнатады.

Пр./пер. вруч.

Бұл опцияны ВКЛ. күйіне орнату желі бос емес кезінде факсті жіберуге не қабылдауға мүмкіндік береді. Факсті жіберу не қабылдауды кеңейтім телефон қабылдағышын таңдап, Start түймесін басу арқылы немесе On Hook Dial түймесін басып, Start түймесін басу арқылы таңдауыңызға болады.