Жүйелік параметрлерді орнату

Құрылғы параметрлерін орнату

[Note]

Параметрлерге немесе үлгілерге байланысты дисплейде кейбір мәзірлер пайда болмауы мүмкін. Егер солай болса, ол құрылғыға сәйкес келмейді (Мәзірді шолу бөлімін қараңыз).

Мәзір параметрлерін өзгерту:

  • Басқару тақтасында (Menu) > Настр. сист. > Настройка тармағына өтіңіз.

Элемент

Сипаттама

ИД устройства

Жіберілетін әр факс бетінің үстінде басып шығарылатын машина идентификаторын орнатады.

Номер факса

Жіберілетін әр факс бетінің үстінде басып шығарылатын факс нөмірін орнатады.

Дата и время

Күн мен уақытты орнатады.

Режим часов

12 сағ және 24 сағ арасында уақытты көрсету пішімін таңдайды.

Язык

Басқару тақтасының дисплейінде шығатын мәтіннің тілін орнатады.

Энергосбереж.

Қуатты үнемдеу режиміне өту алдында машинаның қанша күтетінін орнатады.

Машина ұзақ уақыт бойы деректерді алмаса, қуатты тұтыну автоматты түрде азайтылады.

Автовыкл. пит.

Машина қуатты үнемдеу режимінде болғанда орнатылған уақыт өткеннен кейін қуатты автоматты түрде өшіру үшін Автовыкл. пит. > Вкл. > Время ожидания өтіңіз.

[Note]
  • Бұл опция тек CLX-330x Series/CLX-330xW Series нұсқаларында пайда болады.

  • Құрылғыны қайта қосу үшін басқару тақтасындағы (Power/Wakeup) түймешігін басыңыз (негізгі қуат қосышы қосулы екендігіне көз жеткізіңіз).

  • Принтер драйвері немесе Samsung Easy Printer Manager қосылса, уақыт автоматты түрде ұзартылады.

  • Машина желіге қосылғанда немесе басып шығару тапсырмасын орындап жатқанда Автовыкл. пит. функциясы жұмыс істемейді.

Соб. пробужд.

Қуатты үнемдеу режимінен ояту шартын орнатуға болады.

  • Вкл.  Құрылғы қуат үнемдеу режимінен келесі жағдайларда оянады:

    • Кез келген түймені басу

    • Қағаз науасын ашу не жабу

    • Қағазды құжат бергішке енгізу

  • Выкл. Құрылғы Power/Wakeup түймесі басылған кезде ғана қуат үнемдеу режимінен оянады.

Время ож.сист.

Құрылғының алдында пайдаланылған көшіру параметрлерін есте сақтау уақытын орнатады. Уақыт аяқталғаннан кейін құрылғы әдепкі көшіру параметрлерін қалпына келтіреді.

Вр.ожид.задан.

Принтердің бетті басып шығару пәрменімен аяқталмайтын басып шығару тапсырмасының соңғы бетін басып шығару алдында күту уақытын орнатады.

Над уров. моря

Басып шығару сапасын машинаның биіктігіне сәйкес оңтайландырыңыз.

Влажность

Ортаның ылғалдылығына сәйкес басып шығару сапасын оңтайландырады.

Автопродолж.

Қағаздың қағаз параметрлеріне сәйкес емес екенін анықтағанда, машинаның басып шығаруды жалғастыратын немесе жалғастырмайтынын анықтайды.

  • 30 сЕгер қағаз сәйкес емес болса, қате туралы хабар көрсетіледі. Машина 30 секунд бойы күтеді, содан кейін хабарды автоматты түрде тазалайдә және басып шығаруды жалғастырады.

  • 0 сТіпті қағаз сәйкес емес болса да, құрылғы басып шығаруды жалғастырады.

  • Выкл. Егер қағаз сәйкес емес болса, құрылғы дұрыс қағазды салғанша күтеді.

Замена бумаги

Letter және A4 арасындағы қағаз сәйкессіздігін болдырмау үшін принтер драйверінің қағаз өлшемін автоматты түрде ауыстырады. Мысалы, науада A4 қағазы болса, бірақ принтер драйверінде қағаз өлшемін Letter деп орнатсаңыз, құрылғы A4 қағаз басып шығарады және керісінше.

ПечПустойСтр

Бет бос болсын, болмасын, принтер компьютерден басып шығару деректерін анықтайды. Бос бетті басып шығаруды немесе өткізіп жіберуді орнатуға болады.

Параметры эко

Басып шығару ресурстарын үнемдеп басып шығаруға мүмкіндік береді.

  • Реж. по умолч. Үнемдеу режимін қосу немесе өшіруді таңдаңыз.

    [Note]

    Принудительно (Принуд.): Үнемдеу режимін құпия сөзбен бірге қосады. Үнемдеу режимін қосу/өшіруді қаласа, пайдаланушы құпия сөзді енгізуі керек.

  • Выбрать шабл. (Выбрать шабл.): SyncThru™ Web Service. бағдарламасында Еco үлгісін таңдайды.

Қағаз параметрлерін орнату

[Note]

Параметрлерге немесе үлгілерге байланысты дисплейде кейбір мәзірлер пайда болмауы мүмкін. Егер солай болса, ол құрылғыға сәйкес келмейді (Мәзірді шолу бөлімін қараңыз).

Мәзір параметрлерін өзгерту:

  • Басқару тақтасында (Menu) > Настр. сист. > Настр. бумаги тармағына өтіңіз.

Элемент

Сипаттама

Размер бумаги

Талаптарға сай A4, Letter сияқты немесе басқа қағаз өлшемдерін орнатады.

Тип бумаги

Әр науа үшін қағаз түрін таңдайды.

Поле

Құжаттың шеттерін орнатады.

Звук/громкость

[Note]

Параметрлерге немесе үлгілерге байланысты дисплейде кейбір мәзірлер пайда болмауы мүмкін. Егер солай болса, ол құрылғыға сәйкес келмейді (Мәзірді шолу бөлімін қараңыз).

Мәзір параметрлерін өзгерту:

  • Басқару тақтасында (Menu) > Настр. сист. > Звук/громкость тармағына өтіңіз.

Элемент

Сипаттама

Звук клавиш

Перне дыбысын қосады немесе өшіреді. Бұл параметр оn күйіне орнатылған болса, перне басылған сайын дыбыс естіледі.

Сигнал

Дабыл дыбысын қосады немесе өшіреді. Бұл параметр оn күйіне орнатылса, қате орын алғанда немесе факс байланысы аяқталғанда дабыл дыбысы естіледі.

Динамик

Теру үні немесе факс үні сияқты телефон желісінен динамик арқылы шығатын дыбыстарды қосулы немесе өшірулі күйлеріне келтіреді. Бұл параметр Связь деп орнатылған болса, динамик қашықтағы құрылғы жауап бергенше қосулы болады.

[Note]

Дыбыс деңгейін On Hook Dial параметрі арқылы реттеуге болады. Динамиктің дыбыс деңгейін телефон желісі қосылғанда ғана реттеуге болады.

  1. Басқару тақтасында (Факс) түймесін басыңыз.

  2. On Hook Dial тармағын таңдаңыз. Динамиктен теру үні шығады.

  3. Қажет дыбыс деңгейін естігенше көрсеткілерді басыңыз.

  4. Өзгертілген параметрді сақтау және дайын режимге қайту үшін On Hook Dial параметрін таңдаңыз.

Звонок

Қоңыраудың дыбыс деңгейін реттейді. Қоңырау дыбысы үшін өшірулі, төмен, орташа және жоғары деңгейін таңдауға болады.

Отчет

[Note]

Параметрлерге немесе үлгілерге байланысты дисплейде кейбір мәзірлер пайда болмауы мүмкін. Егер солай болса, ол құрылғыға сәйкес келмейді (Мәзірді шолу бөлімін қараңыз).

Мәзір параметрлерін өзгерту:

  • Басқару тақтасында (Menu) > Настр. сист. > Отчет тармағына өтіңіз.

Элемент

Сипаттама

Конфигурация

Машинаның жалпы теңшелімі туралы есепті басып шығарады.

Расх. материал

Басып шығарудың шығын материалдары туралы ақпарат беті.

Тест. страница

Құрылғының дұрыс немесе дұрыс емес басып шығаратынын тексеру үшін сынақ бетін басып шығарады.

Адресная книга

Құрылғы жадында қазіргі уақытта сақталған барлық факс нөмірлерін басып шығарады.

Подтв. факс

Жіберу есебін басып шығарады, соның ішінде факс тапсырмасының факс нөмірін, беттер санын, тапсырмаға кеткен уақытты, байланыс режимін және байланыс нәтижелерін. Құрылғыны әр факс тапсырмасынан кейін жіберуді растау есебін автоматты түрде басып шығаратындай реттеуге болады.

Факс отправлен

Жақында жіберілген факстар туралы ақпаратты басып шығарады.

Факс принят

Жақында қабылданған факстар туралы ақпаратты басып шығарады.

Заплан.задания

Бұл тізім, әр әрекеттің басталу уақытымен және түрімен қоса, кідіртілген факстар үшін ағымдағы уақытта сақталған құжаттарды көрсетеді.

Нежелат. факс

Қалаусыз факс нөмірлері ретінде көрсетілген факс нөмірлерін басып шығарады.

Конфигур. сети

Құрылғының желі байланысы мен конфигурациясы туралы ақпаратты басып шығарады.

Счетчик испол.

Пайдалану бетін басып шығарады. Пайдалану беті басып шығарылған беттердің жалпы санын қамтиды.

Парам-ры факса

Факс есептері туралы ақпаратты басып шығарады.

Қызмет көрсету

[Note]

Параметрлерге немесе үлгілерге байланысты дисплейде кейбір мәзірлер пайда болмауы мүмкін. Егер солай болса, ол құрылғыға сәйкес келмейді (Мәзірді шолу бөлімін қараңыз).

Мәзір параметрлерін өзгерту:

  • Басқару тақтасында (Menu) > Настр. сист. > Обслуживание тармағына өтіңіз.

Элемент

Сипаттама

Уд.сообщ.тон.

Тонер картриджі бос болғанда осы параметр пайда болады. Бос хабарды тазалауға болады.

Срок службы

Жабдықтардың қызмет көрсету мерзімін көрсетеді (Керек-жарақтардың жұмыс мерзімін бақылау бөлімін қараңыз.)

Мастер изобр.

Контраст деңгейі, түсті тіркеу, түс тығыздығы, т.б. сияқты түс параметрін реттеуге мүмкіндік береді.

  • Цвет по выбору контрастты түс-түспен баптауға мүмкіндік береді.

    • По умолчанию түстерді автоматты түрде оңтайландырады.

    • Плотн. печати басып шығару үшін түс контрастын өз бетімен баптауға мүмкіндік береді. Түстің аса оңтайлы сапасы үшін әдепкі параметрді пайдалану ұсынылады.

  • Регул. тона Құрылғы тонер тығыздығын үздік түсті басып шығару сапасын алу үшін калибрлейді.

Серийный номер

Құрылғының сериялық нөмірін көрсетеді. Қызмет көрсету орталығына қоңырау шалғанда немесе Samsung веб-торабында пайдаланушы ретінде тіркелгенде, оны таба аласыз.

Заканч. тонер

Деңгейді тонер төмен немесе тонер бос болғанда ескертетіндей теңшейді (Тонер төмен ескертуін орнату бөлімін қараңыз).