Керек-жарақтардың жұмыс мерзімін бақылау

Егер қағаз жиі кептеліп қалса немесе баспа мәселелері жиі орын алса, құрылғы басып шығарған қағаз санын тексеріңіз. Қажет болса, тиісті бөлшектерді ауыстырыңыз.

[Note]

Кейбір модельдерде төменірек деңгейдегі мәзірлерге өту үшін OK түймесін басу қажет болуы мүмкін.

  1. Басқару панеліндегі (Menu) > Настр. сист. > Обслуживание > Срок службы таңдаңыз.

  2. Қажетті параметрді таңдап, OK түймесін басыңыз.

    • Всего: Басылып шыққан беттердің жалпы санын көрсетеді.

    • Скан.с автоп.: Құжат бергішті пайдалана отырып басып шығарылған беттердің санын көрсетеді.

    • На стекле: Сканерлеу әйнегінің көмегімен сканерленген бет санын көрсетеді.

    • Расх. материал: Керек-жарақтардың ақпарат бетін басып шығарады.

  3. Дайын режимге қайту үшін (Stop/Clear) түймесін басыңыз.