Баспа құралы және науа

Бұл тарауда құрылғыға баспа құралын салу әдісі туралы ақпарат беріледі.

[Caution]
  • Осы сипаттамаларға сәйкес келмейтін баспа құралдарын пайдалану ақаулар тудыруы не жөндеуді қажет етуі мүмкін. Мұндай жөндеу жұмыстары Samsung кепілдігінде немесе қызмет көрсету жөніндегі келісімшарттарында қамтылмайды.

  • Сиялы фотоқағазды осы құрылғымен пайдаланбаңыз. Бұл құрылғыны зақымдауы мүмкін.

  • Өртенгіш баспа құралын пайдалану өрт тудыруы мүмкін.

  • Белгіленген баспа құралын пайдаланыңыз (Баспа құралының сипаттамалары бөлімін қараңыз).

[Warning]

Принтерде қалып қойған өртенгіш баспа құралы мен басқа заттарды пайдалану, құрылғының қызып кетуіне әкеледі және өртену сирек кездеседі.

Науаны шолу

Өлшемді өзгерту үшін қағаз реттейтін тетікті реттеуіңіз керек.

  1. Қағаз жабыны

  2. Бағыттауыш құлпы

  3. Қағаз ұзындығын реттеуші

  4. Парақ енін реттеуіш

[Caution]

Бағыттауышты реттемесеңіз қағаз тұрып қалуы, сурет қисаюы немесе қағаз кептелуі мүмкін.

Науаға қағаз салу

[Note]

Пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер параметрлеріне немесе моделіне байланысты сіздің құрылғыңыздағыдан басқаша болуы мүмкін. Құрылғының түрін тексеріңіз (Алдыңғы көрінісі бөлімін қараңыз).

  1. Қағаз науасын шығарыңыз (Науаны шолу бөлімін қараңыз).

  2. Қағаз қақпағын ашыңыз.

  3. Науадағы тетік бекітпесін басыңыз және босатыңыз, науаны қолмен сыртқа тартыңыз. Содан кейін қағаз ұзындығын реттейтін тетік пен қағаз енін реттейтін тетікті лайықтаңыз.

  4. Қағазды салмастан бұрын оларды бір-бірінен ажырату үшін қағаз бумасын кішкене майыстырыңңыз.

  5. Қағазды басып шығарылатын жағын жоғары қаратып салыңыз.

    Хат өлшемінен кіші қағаз үшін науадағы бағыттау құлпын басып босатыңыз да, науаны қолмен тартыңыз. Содан кейін қағаз ұзындығын реттейтін тетік пен қағаз енін реттейтін тетікті лайықтаңыз.

    Хат өлшемінен үлкен қағаз үшін науадағы бағыттау құлпын басып босатыңыз да, науаны қолмен басыңыз. Содан кейін қағаз ұзындығын реттейтін тетік пен қағаз енін реттейтін тетікті лайықтаңыз.

    [Note]
    • Баспа құралының майысуын болдырмау үшін қағаз ені реттеуішін тым алыс итермеңіз.

    • Басындағы жиегінде оралу бар қағазды пайдаланбаңыз, ол қағаз кептелуін тудыруы мүүмкін немесе қағаз бүгілуі мүүмкін.

    • Қағаз ені реттеуішін реттемесеңіз, қағаз кептелулері болуы мүмкін.

  6. Қағаз енін реттейтін тетікті қққысып, оны қағаз бумасыныңң шетіне дейін майыстырмай сырғғытыңңғңңыз.

  7. Қағаз қақпағын жабыңыз.

  8. Қағаз науасын енгізіңіз.

  9. Құжатты басып шығарғанда, науа үшін қағаз түрі мен өлшемін орнатыңыз (Қағаз өлшемі мен түрін орнату бөлімін қараңыз).

    [Note]

    Құрылғының драйверінен жасалған параметрлер басқару панеліндегі параметрлерді түзетеді.

    1. Бағдарламада басып шығару үүшін бағдарламаны ашып, басып шығару мәзірін қосыңыз.

    2. Басып шығару теңшелімдері ашыңыз (Басып шығару теңшелімдерін ашу бөлімін қараңыз).

    3. Басып шығару теңшелімдері ішіндегі Бумага қойындысын басыңыз және сәйкес қағаз түрін таңдаңыз.

      Мысалы, егер жапсырманы пайдаланғыңыз келсе, қағаз түрін наклейки етіп орнатыңыз.

    4. Қағаз көзінде ретінде Авто. выбор (немесе ручная подача) параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз.

    5. Бағдарламада басып шығаруды бастаңыз.

Арнайы баспа құралын басып шығару

Төмендегі кестеде науада пайдалануға болатын ерекше баспа материал көрсетілген.

Баспа құралының түрлері Басып шығару теңшелімдері ішінде көрсетілген. Ең жоғары басып шығару сапасын алу үшін Басып шығару теңшелімдері терезесі > Бумага қойындысы > Тип тармағында тиісті баспа материалының түрін таңдаңыз (Басып шығару теңшелімдерін ашу бөлімін қараңыз).

Мысалы, егер заттаңбаларға басып шығару қажет болса, Тип үшін наклейки таңдаңыз.

[Note]
  • Арнайы баспа құралды пайдаланғанда, бір уақытта бір қағазды беру ұсынылады (Баспа құралының сипаттамалары бөлімін қараңыз).

  • Пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер параметрлеріне немесе моделіне байланысты сіздің құрылғыңыздағыдан басқаша болуы мүмкін. Құрылғының түрін тексеріңіз (Алдыңғы көрінісі бөлімін қараңыз).

Әр парақтың қағаз өлшемін көру үшін Баспа құралының сипаттамалары бөлімін қараңыз.

Түрлері

Лоток

[a]

Низко

плотная бумага

тонкая бумага

высокосортная бумага

Цвет

Картон

наклейки

форма

хлопковая

Вторичная

архив.

Глянцевое фото

Матовое фото

[a] Науада қолмен беруге болатын қағаз түрлері.

(: Қолдайды, бос: Қолдамайды)

Жапсырмалар

Құрылғыны зақымдауды болдырмау үшін тек лазерлік принтерлерде пайдалануға арналған жапсырмаларды пайдаланыңыз.

  • Жапсырмаларды таңдағанда мына факторларды ескеріңіз:

    • Жабысқыш материалдар: Құрылғының шамамен алынған 170°C (338°F) термофиксация температурасында тұрақты болуы керек.

    • Орналасуы: Арасында қалмаған жапсырмаларды ған апайдаланыңыз. Жапсырмалар арасында бос орындары болатын парақтарды алуы мүмкін, ол кептелуге әкеліп соғады.

    • Майысу: Кез келген бағытта 13 мм-ден аспайтын оралумен тегіс жатуы керек.

    • Күйі: Қыртыстары, ауасы бар немесе ажыраудың басқа белгілері бар жапсырмаларды пайдаланбаңыз.

  • Жапсырмалардың арасында жабысқыш материалдардың жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Желім тиген жерлердің әсерінен басып шығару кезінде жапсырмалар алынып қалады және соның салдарынан парақ кептеледі. Желімнің жағылуы құрылғы бөлшектерінің зақымдалуына алып келеді.

  • Жапсырмаларды құрылғыдан бірнеше рет өткізбеңіз. Жабысқыш қабат құрылғыдан бір рет қана өту үшін жасалған.

  • Жабысқыш қабаттан ажырап тұрған немесе қыртысталған, ауа кірген немесе бүлінген жапсырмаларды пайдаланбаңыз.

Карта бумасы/Өлшемі белгіленетін қағаз

  • Бағдарламалық құралда бет шеттерін материалдың жиектерінен кем дегенде 6,4 мм (0,25 дюйм) қашықтыққа қойыңыз.

Алдын ала басып шығарылған қағаз

Алдын ала басып шығарылған қағазды басып шығарғанда, басып шығарылатын жағы жоғарыға қарауы, майыспаған жиегі алдында болуы керек. Қағазды беру мәселелері болса, қағазды айналдырыңыз. Басып шығару сапасына кепілдік берілмейтінін ескеріңіз.

  • Машинаның термофиксация температурасына 0.1 секундқа (шамамен 170°C (338°F)) түскенде ерімейтін, буланбайтын немесе қауіпті заттарды шығармайтын қыздыруға төзімді сиямен басып шығарылуы керек.

  • Қайта басып шығарылатын қағаз сиясы өртенбейтін және құрылғының роликтеріне кері әсер етпеуі керек.

  • Алдып ала басып шығарылған қағазды салу алыдна қағаздағы сияның құрғақ екенін тексеріңіз. Еріту кезінде ылғал сия баспаның сапасын нашарлатып алдын ала басып шығарылған қағаздан ажырауы мүмкін.

Қағаз өлшемі мен түрін орнату

Қағаз науасына қағаз салғаннан кейін басқару тақтасының түймелерін пайдаланып, қағаз өлшемін және түрін орнатыңыз.

[Note]
  • Құрылғының параметрлерін Samsung Easy Printer Manager бағдарламасындағы Параметры устройств арқылы орнатуыңызға болады.

    • Windows және Mac жүйесінің пайдаланушылары үшін Samsung Easy Printer Manager > (Кеңейтілген режимге ауысу) > Параметры устройств тармағынан орнатады, Параметры устройств қараңыз.

  • Кейбір модельдерде төменірек деңгейдегі мәзірлерге өту үшін OK түймесін басу қажет болуы мүмкін.

[Note]

Кейбір модельдерде төменірек деңгейдегі мәзірлерге өту үшін OK түймесін басу қажет болуы мүмкін.

  1. Басқару тақтасында (Menu) түймесін басыңыз.

  2. Настр. сист. > Настр. бумаги > Размер бумаги немесе Тип бумаги тармағына өтіңіз.

  3. Науаны және қажет параметрді таңдаңыз.

  4. Таңдалған параметрді сақтау үшін OK түймесін басыңыз.

  5. Дайын режимге қайту үшін (Stop/Clear) түймесін басыңыз.

[Note]
  • Құрылғы драйверінен орнатылған параметрлер басқару тақтасындағы параметрлерді жояды.

    1. Бағдарламадан басып шығару үшін бағдарламаны ашыңыз және басып шығару мәзірін іске қосыңыз.

    2. Басып шығару теңшелімдері ашыңыз (Басып шығару теңшелімдерін ашу бөлімін қараңыз).

    3. Бумага қойындысын басыңыз да, тиісті қағазды таңдаңыз.

  • Төлем құжаты сияқты арнайы өлшемді қағазды пайдалану керек болса, Бумага қойындысы > Размер > Правка... тармағын таңдап, Параметры нестандартного размера бумаги ішінде Басып шығару теңшелімдері орнатыңыз (Басып шығару теңшелімдерін ашу қараңыз).

Шығыс тірегін қолдану

[Note]

Бір уақытта беттердің көп мөлшерін басып шығарсаңыз, шығу науасының беті ысуы мүмкін. Науаның бетін ұстамауды және оған балаларды жақын жібермеуді қадағалаңыз.

Басып шығарылған беттер шығу тірегінде жайылады және шығу тірегі басып шығарылған беттердің сәйкестенуіне көмектеседі. Принтер шығатын қағаздарды әдепкі бойынша шығыс науасына жібереді.

[Note]

Пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер параметрлеріне немесе моделіне байланысты сіздің құрылғыңыздағыдан басқаша болуы мүмкін. Құрылғының түрін тексеріңіз (Алдыңғы көрінісі бөлімін қараңыз).

Түпнұсқаларды дайындау

  • 142 x 148 мм-ден (5,6 x 5,8 дюйм) кіші немесе 216 x 356 мм-ден (8,5 x 14 дюйм) үлкен қағазды салмаңыз.

  • Қағаздың кептеліп қалуына, баспа сапасының төмен болуына және құрылғының зақымдалуына жол бермеу үшін төмендегі қағаз түрлерін салмаңыз.

    • Көшіргіш қағаз немесе көшірме жасайтын қағаз

    • Борлы қағаз

    • Жұқа жылтыр қағаз немесе жұқа қағаз

    • Қыртыстары бар немесе мыжылған қағаз

    • Иілген немесе оралған қағаз

    • Жыртылған қағаз

  • Салмас бұрын, барлық қапсырмалар мен қыстырғыштарды алып тастаңыз.

  • Салмастан бұрын, желім, сия немесе түзеткіш сұйықтық толығымен кепкеніне көз жеткізіңіз.

  • Өлшемі немесе салмағы әртүрлі қағазды қамтитын түпнұсқалы құжаттарды салмаңыз.

  • Кітапшаларды, үндеухаттарды, слайдтарды немесе сипаттары әдеттен тыс құжаттарды салмаңыз.

Түпнұсқаларды салу

Түпнұсқаны көшіру, сканерлеу және факс арқылы жіберу үшін оны сканер шынысына немесе автоматты құжат бергішке салуға болады.

[Note]

Пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер параметрлеріне немесе моделіне байланысты сіздің құрылғыңыздағыдан басқаша болуы мүмкін. Құрылғының түрін тексеріңіз (Алдыңғы көрінісі бөлімін қараңыз).

Сканер шынысында

Сканер шынысын пайдаланып, түпнұсқаларды көшіруіңізге немесе сканерлеуіңізге болады. Әсіресе түрлі-түсті немесе сұр шкала суреттердің сканерлеуінің жақсы сапасын көре аласыз. Құжат бергіште түпнұсқалар жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Құжат бергіште түпнұсқа анықталса, құрылғы оны сканер шынысындағы құжаттан бұрын өңдейді.

  1. Сканер қақпағын көтеріп ашыңыз.

  2. Түпнұсқаны төмен қаратып сканер шынысына қойыңыз. Оны шынының жоғарғы жағындағы тіркеу бағыттауышымен туралаңыз.

  3. Сканер қақпағын жабыңыз.

[Note]
  • Көшіру кезінде сканердің қақпағын ашық қалдырсаңыз, ол көшіру сапасына және тонердің жұмсалуына әсер етеді.

  • Сканер шынысындағы шаң басып шығарылатын парақтың бетіне қара дақтардың түсуіне себеп болады. Оны әрқашан таза ұстаңыз (Құрылғыны тазалау бөлімін қараңыз).

  • Егер кітаптың немесе журналдың бетін көшіргіңіз келсе, сканердің қақпағының топсалары шектегішке жеткенге дейін көтеріңіз, содан кейін қақпақты жабыңыз. Егер кітап немесе журнал 30 мм-ден қалың болса, сканердің қақпағын ашып қойып көшіріңіз.

[Caution]
  • Сканердің шынысын сындырып алмаңыз. Кесіп кетуі мүмкін.

  • Сканердің қақпағын жапқанда қолыңызды салмаңыз. Сканердің қақпағы түсіп кетіп қолыңызды ауыртуы мүмкін.

  • Көшіру немесе сканерлеу кезінде сканердің ішіндегі жарыққа қарамаңыз. Бұл көзге зиян.

Құжат бергіште

  1. Түпнұсқаларды салмастан бұрын, қағаз бумасының жиегін майыстырып немесе үрлеп, беттерді бір-бірінен айырыңыз.

  2. Түпнұсқаны құжат бергішке бетін төмен қаратып салыңыз. Түпнұсқалар бумасының түбі құжат енгізу науасында белгіленген қағаз өлшеміне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.

  3. Құжат бергіштің ен бағыттауыштарын қағаз өлшеміне баптаңыз.

[Note]

Сканер шынысында шаң болса, ол басылымда қара сызықтардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Шыныны әрдайым таза ұстаңыз (Құрылғыны тазалау қараңыз).